Алматы облысындағы Қарасай ауданындағы жол бойында сүйектер шашылып жатыр. Әр жерде үйілген үйінділерді жұрт видеоға түсіріп, желіге жүктеген.
Жануарлардың қалдығы Көлді ауылының маңынан табылған. Жергілікті жұрт, енді ол жерлерде қаңғыған иттердің ордасына айналады деп қауіптенеді. Бұл жағдайдан аудан атқамінерлері де хабардар. Олар қоқыс төғіп кеткендерді іздеп жатқандықтарын айтты.
Ә. Лесбек