Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

2 мыңнан астам елордалық отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді

AstanaTV
09.03.2021ж. 20:00
1392
2 мыңнан астам елордалық отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді

Елордада мереке күндері 2 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себепттері таратылды. "Қайырымды істер" марафонына "Nur Otan" партиясы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйытқы болды. Тәуелсіздің 30 жылдығына орай басталған акция, қаланың 4 ауданындағы әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларды қамтыды. Қыз-келіншектер мейрамы қарсаңында ұйымдастырылған шара туралы тілшіміз тарқатып айтсын.

Игі шараның шарапатын көргендердің бірі - Ирина Ревуцкая. Үш баланы тәрбиелеп отырған ана. Қазір тек күйеуі ғана жұмыс істейді. Әлеуметтік осал топтағы отбасы, өздеріне көрсетілген бұл құрметке қуанып қалды. Ұйымдастырушыларға мерекемен құттықтап келгендері үшін алғысын жаудырды.

Ирина РЕВУЦКАЯ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Құттықтауларыңызға көп рақмет! "Nur Otan-ға", қала әкімдігіне алғысым шексіз, үнемі адамдарға көмегін аямайды! Осыдан біраз күн бұрын да партиялықтар азық-түлік әкеліп берді. Барлығы керемет! Алдағы уақытта да көмек көрсетеді деп ойлаймын. Осы орайда, барша қазақстандық әйелдерді мерекесімен құттықтаймын! Денсаулықтарыңыз мықты болсын!
 
25 келіден асатын азық-түлік салынған себетте: күріш, май, ұн тағы сол сияқты тамақ өнімдері мен тұрмыстық заттар бар.

Мұндай себеттер 2 мыңнан астам елордалық отбасыға табысталды. Олардың санатында: атаулы әлеуметтік көмек алатын жанұялар, жалғызбасты қарттар, мүмкіндегі шектеулі азаматтар бар. Демеушілердің көмегімен жүзеге асқан шара, наурыздың соңына дейін жалғаспақ.

Дәулет КӘРІБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН қ. ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Осындай қайырымдылық, жақсылықпен көмектесу арқылы осындай көмекке мұқтаж отбасыларға көмектесу арқылы осы бүкіл мәселелерімізді ортақтаса, бірлесе өзімізден бастап шешу. Бұл акция мысалы осы 8 Наурыз сияқты әрбір мерекеге байланысты алдағы уақытта да осындай акцияларды жалғастырып отыратын боламыз.

Айта кетсем, қала бойынша көмекке мұқтаж жандардың 11 санаты бойынша 150 мыңнан астам адам бар. Жергілікті атқамінерлер мен партиялықтар олар назардан тыс қалмайтынын және мереке сайын тиісті көмек көрсететінін жеткізді.

А. Данияр