Парламент сессиясының ашылуында Президент
әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін «шикі» деді. Ал жүйеге ақша түсіп бастаған.
Алғашқы екі айда қорға 7 млрд теңге түскен. Н.Назарбаевтың тоқталғаны 3 млн-дай
«өзін өзі жұмыспен қамтыған» дейтін категорияға жататындар. Қабылданып қойған
жаңа жүйеге негізі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы қатты қарсыласқан...
Президенттің Денсаулық сақтау министріне қарап айтқаны:
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Күнде, күнде айтып жүрсің өтеміз деп. Қалайөтеміз? Последнее ваше предложение этих переведем на страховое, а этим давайте платить. Мыналар айтпайды ма, мен тоқалдың баласымын ба деп?
Какие у нас должны быть самозанятыескажите пожалуйста? Так вот получается вот эти самозанятые три миллиона человек останутся за бортом медицинского страхования.То есть им мы должны вести себя как раньше. А этим говорим - плати. Что они нам скажут потом? Давайте разберемся. В основах. Если я еще раз говорю,наверное, будем переходить это прогрессивно. Я не против этого, но давайте не спотыкаться опять.
Гүлнұр Жұмырова, жеке кәсіпкер:
Өз ісін жаңадан бастаған бір танысым менен қандай салық аударамын деп сұрады. Оған әлеуметтік төлем, зейнетақы салымдарымен қоса, енді медициналық сақтандыру ақысы да төленетінін, табыстың қанша пайызы салыққа жұмсаларын түсіндірдім. Сол кезде түсер пайданың азаятынын уайымдап, басы қатты. Салыққа кеткен ақшаны бизнесімді дамытуға жұмсаған дұрыс емес пе?- дейді. Сондықтан бұл міндеттемеге наразылар әр жерде көп. Дайындық керек. Мәселен, Корея 26 жыл әзірленіп, үлкен әзірлікпен іске асырды. Ал бізде осы әңгіменің айтылғанына әрі кетсе бірнеше жыл. Әдеттегідей бәрі де аяқ астынан бола қалды. Ал жұмысшыларының айлығын уақытылы әрең төлейтін ірі компаниялардың жағдайы қиындайды. Енді олар шығынын азайту үшін қызметкерлерін қысқартады немесе жасырын бухгалтерия жүргізеді. Әлде жұмысшыларының жалақысын азайтуы мүмкін.
Біздің тілшілеріміз сол «Атамекенде» істеген, кейін министрдің орынбасары болған, қазір сарапшы Рақым Ошақбаевтан комментарий сұраған. Ол міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне мемлекеттік монополия жасауға болмайды деп есептейді. Қызмет алушы үшін тиімдісі - жекеменшік сақтандыру қоры.
Рақым Ошақбаев, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры:
Жалақысынан аударатын ақшаны кімге беру керектігін әркім өзі шешуі керек.
Сонда ғана – бәсеке болған кезде ғана, сапаны көтере аламыз. Ал мемлекеттік
монополия болса, САПАНЫ көтеру біздің жағдайымызда мүмкін емес. Себебі біздегі
бақылау институттары әлсіз.
Алайда Денсаулық сақтау министрлігі жүйені толық іске қосу уақытын 1-2 жылға
шегеруді ғана ойлап отыр. Оны министр Елжан Біртанов үкімет қабырғасында
айтқан. Ол жұмыс берушілердің жарна төлеуі тоқтамайтынын да ескерткен. Ал
сарапшы ондай жағдайда медициналық сақтандыру жүйесі концепциясының қақырап
сөгілуі мүмкін екенін айтады.
Рақым Ошақбаев, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры:
Өкінішке қарай, біз ведомстволық мүдде деген барын білеміз. Бет-бейнені
сақтап қалу деген. Алайда реформа жүрмей, бірақ жарна жинай бергеннен, «бәрі
жақсы» сияқты кейіп танытқаннан не пайда?
Орал қаласының тұрғыны Ақгүлім Жалмұратова әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жасалатын аударымдардан көп пайда жоғын айтады. Ең бастысы, бастама енгізілгелі бері емдеу мекемелерінде өзгеріс байқалмайды. «Баяғы жартас – сол жартас» болып қалса, оған ақы төлеп шығынданудың қажеті қанша? – дейді Ақгүлім.
Ақгүлім
Жалмұратова, Орал қаласының тұрғыны:
Егер жұмысы жоқ адам әр түрлі себептерге байланысты жұмыспен қамту органдарына жұмыссыз ретінде тіркелмесе, оларға ешқандай аударымдар жасалмайды, яғни ол МӘМС төленетін медициналық көмекті алу құқығынан айырылып қалуы мүмкін. МӘМС қорына жиналып жатқан аударымдар қазіргі кезде көп өзгерістерге алып келді деп айтуға болмайтын шығар. Себебі бұрынғы барып жүрген емханам сол күйінде, сол бұрынғы кезекке тұрасың, баяғыша күтесің, алдын-ала жазылуың керек. Барған күнде де жасайтыны сол ем. Мысалы, мен өзім қорды енгізгеннен көп өзгеріс көріп отырған жоқпын.
Ал павлодарлық Анар Аманжолқызы отандық медицинадан көңілі әбден қалғандардың бірі. Жалғыз ұлы сырқаттанып қалғанда дәрігерлер нақты диагноз қоя алмаған. Құрғақ жөтел қысып, ыстығы 39,9 градусқа дейін көтерілген баланы педиатр қарапайым, шөп-шаламнан дайындалған жеңіл-желпі препараттармен емдеген. Сөйтіп, ем алған екі аптаның аралығында сырқатының беті бері қараудың орнына ушыға түскен. Ақыры ауруы дендеп, асқынып кеткен 13 жастағы жеткіншек ауыр хәлде жансақтау бөлімінен бір-ақ шығады.
Анар Аманжолқызы, Павлодар қаласының тұрғыны:
Жедел жәрдемдегі фельдшер, жас жігіт баламның тыныс ала алмай тұрғанын көрсе де, белгісіз себептермен оған «аппендецит» диагнозын қойды. Содан кейін ұялы телефон арқылы басқа дәрігермен кеңесіп, ол адам баламды көрмей, қарамай-ақ телефон арқылы оның бүйрегі ауырады деген тұжырым жасады. Шынын айтсам, ауруханаға жеткізілгенде баламның демі сезілмеді. Бірден жансақтау блогына алып кетті. Ал, бізді алып келген фельдшер кезекші дәрігерді күтпестен кетіп қалды. Ол бізді әкелді ғой, демек жауапты біз үшін. Неге осындай мамандар бізде жұмыс істеп жүр, түсінбеймін. Кейін бұл жағдайға байланысты дауласқанымда, маған «ол жас қой, әлі тәжрибе керек. Қазір сіз оның карьерасына балта шапқалы тұрсыз» деген әңгімелер айтты. Мен оларға былай деп сұрақ қойдым: жаңағы жас, 25 жастағы дәрігер диагноз қойып үйренгенше қанша бала өлуі керек?! Осы мені алаңдатады...
Ашынған ана жалпыға топырақ шашудан аулақ. Дегенмен өзі жолықтырған екі дәрігердің екеуінің бірдей «тәжірибесіз» болып шығуы – медицина саласының шикі тұсын нақ көрсетіп тұрғандай. Ең бастысы, медицина саласына миллион емес, миллиардтар құйылып жатыр. Тек, қымбат аппараттардың шапағаты қарапайым қауымға тимейді...
Анар Аманжолқызы, Павлодар қаласының тұрғыны:
Осындай супер қондырғылар
тұрғанда, неге біз әлі күнге дейін балаларымызды «пневмания», «пливрит» секілді
аурулардан қорғай алмай отырғанымызды түсінбеймін. Бұл аурулардың кесірінен
дені сап-сау болған ұлымның сол жақ өкпесінің бір бөлігін алып тастауға тура
келді. Балам ауыр наркоз бен 5 сағаттық отаны бастан кешірді. Салдарынан
көзінің көру қабілеті төмендеп кетті. Қазір ол көзілдірік киюге мәжбүр. 7 жыл
жүзумен кәсіби айналысқан ұлым, чемпион боламын деген бала арманынан да айрылып
отыр.