Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Тунис жағалауында 40-қа жуық мигрант суға батып кетті

AstanaTV
10.03.2021ж. 20:00
1591
Тунис жағалауында 40-қа жуық мигрант суға батып кетті

Тунис жағалауында 40-қа жуық мигрант суға батып кетті. Зардап шеккендердің арасында балаларда бар.  Кеме Италияның Лампедуза аралын бетке алған. Мигранттарды алдымен Тунистің жағалау күзеті байқапты. Тунис ұлттық гвардиясы 165 адамды құтқарды. Тірі қалғандар мен мәйіттерді іздеу жұмыстары әлі жалғасуда. Айта кетейік, Африкадан келген мигранттар  Еуропаға заңсыз өтуді көздейді, алайда дені осылайша апатқа ұшырайтын көрінеді. Халқаралық көші-қон ұйымының мәліметіне сенсек, 2020 жылы Жерорта теңізінде 1200-ден астам адам қайтыс болыпты.

Б. Сатуов