Алдағы Наурыз мейрамына, қазақстандықтар бес күн демалатын болды. Биыл 21 -ші наурыз, күнтізбеде жексенбіге түсіп тұр. Осыған орай аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін, демалыс күндері наурыздың 20-сынан бастап, 24-і дейін жалғаспақ. Ал алты күндік жұмыс аптасы бар азаматтар, 21 мен 24 аралығында демалады. Демек, 25-ші наурыз - жұмыс күні болып белгіленді. Айтып өтейін, биыл наурыз айында ел тұрғындары 19 күн жұмыс ітесе, қалған - 12 күнді демалыспен өткізбек.