Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Қостанай облыстық филармониясында жұмысқа шықпағандарға ақша төленіп жүр

AstanaTV
12.03.2021ж. 20:00
3064
Қостанай облыстық филармониясында жұмысқа шықпағандарға ақша төленіп жүр

Қостанайдағы Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда, жұмысқа шықпаған әртістерге ақша төленіп отыр. Өнер ордасының бұрыңғы директоры бұған көз жұма қарай алмаған. Сол үшін оның жұмыстан өз еркімен кетуін, жергілікті шенеуніктер талап еткен. Бұл ақпаратты экс-директор растады. Қара шаңырақтағы ұжым білікті басшының қызметіне қайтып келгенін талап етуде. «Аттай қалап алғызған» маманды аймақ атқамінерлері неге бағалай алмады? Заңғар Санай тарқатады.

Сүндет Байғожин 6 ай бұрын атажұртқа оралып облыстық филармония басшылығына тағайындалған еді. Әртістер аз уақытта Елубай Өмірзақов атындағы қара шаңыраққа тың өзгерістер енгізгенін жарыса айтты. Филормония жастарын өнермен қатар салауатты өмір салтына жетелеген. Бірақ туған жерге туын тіккелі келген талантты биліктегілер бағаламаса керек.

Майра ҚАРЖАУОВА, Е.ӨМІРЗАҚОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ ӘНШІСІ:

 
9 наурыз күні келіп, ұжымды жинап мен осындай өтінішке қол қойдым дейді. Ол өз шешімімен қойылып отырған мәселе емес. Ол мәселе жоғарыдан келіп отырған. Сондықтан біз филормония әртістері осы шешімге қарсымыз.

Әлемді мойындатқан әнші-басшыны қарамағындағы бәз біреулер мойындамаса керек. Олар әкімдікке домалақ арыз жазып Сүндетті сүріндірмек болған.

Арыстан ҚҰРМАНОВ, Е.ӨМІРЗАҚОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ ӘНШІСІ:
 
Сүндет жұмысын сұраған кезде дұрыс жұмысын атқара алмайтын кісілер бұлданып, бізді қысады ұлтшыл деп сырттан барып арыз жазады екен. Күнде бара бергеннен кейін бір кісілер алғанда істей алмайды, қырып жатыр, құртып жатыр деп. Сүндетке айтқан сен жұмысты босат істей алмадың деп.

Алайда аразданды деген директордың орынбасары, мұны жоққа шығарып, ақталды. Ол басшыдан ешқандай қысым көрмегенін, өнер ұжымы өзіне жала жапты дейді.

Зухра ИМАНОВА, Е.ӨМІРЗАҚОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Өзімде таңқалып отырмын. Өте тез, шұғыл болды. Тіпті ешқандай сыбыс естілмеді.Неге олай болғанын өзім де түсінбей қалдым.

Бірақ орынбасардың бұл сөзін, бұрыңғы директор қостамады. Сүндет Байғожин қазір ел астанасында екен. Директорлық қызметке қайта келуге қарсы емес. Әуелі өнер ордасындағы олқылықтарды ретке келтіру керек дейді.

Сүндет БАЙҒОЖИН, ОПЕРА ӘНШІСІ:

Маған ештеңе айтпаған. Мен өзім жұмыс істеп жүріп заңгермен көптеген нарушение таптым. Бір-екі адам тіпті Ресейде. Зарплата жүріп жатыр карантиннен бері. Бірде бір рет жұмысқа шықпаған. Сол кезде Ерлан Болатұлы ертең кел деді. Келісіп барсам маған арыз жаз деді өз қалауыңмен. Негізгі себеп сол. Сосын маған Зухра деген зам жұмыс істеткізбеді басынан аяғына дейін.

Мәдениет басқармасының басшысы өнер ұжымымен кездесіп, наразы топтың талап-тілегін тыңдады. Бірақ тілшілер қауымына тіс жармады. Әкімдік өкілдері де жұмған аузын ашпады.

З. Санай