$519.51 €611.83 ₽6.6
×

«Треш-токпен» әуестену. Кәсіпкермен сұхбат.

AstanaTV
09.09.2017ж. 20:00
4322
«Треш-токпен» әуестену. Кәсіпкермен сұхбат.

Жақында Қайрат Құдайберген есімді кәсіпкердің Алматы зообағының қомақты қарызын - 100 мың еуро, өтеп бергені туралы ақпарат шықты. Оның Ақтөбеде топан су басып, құлаған үйінің жанында ашу мен реніштен солқылдап жылаған мектеп оқушысының жүрегін мейірімге толтырып, пәтер сатып алып бергені есте. Алматылық тлішіміз Олжас Нұржақып сұхбат алған. 

Қайрат Құдайберген, кәсіпкер:

Пит Разбург деген әйгілі неміс архитекторы бар. Көптеген сұрақтар туындады да адамдарда, неге осылай болды? Неге өзіміздің қазақстандық архитекторларға бермеске жұмысты деп ше, проектіні. Бірақта мерзіміне қарасақ, зообақтардың көлемі өте көп емес, саны көп емес. Ал оны істей алатын архитекторлар мен профессионалдар одан да аз. Сол себептен, көптеген адамдармен сөйлескен соң, фондтың басқармасы осы Пит Разбургті тапқан. Енді сол кісімен контрактіге отырып, еуропалық стандартқа жақын зоопарктің мастер планын істеп жатыр.  2018-2019 жылдары реконструкция басталады. Біздің енді зообақ басқаша болады деп сеніп отырмыз. Себебі проектіні  бір-екі аптаның ішінде Алматы қаласына әкелетін шығар, сол кезде сіздер де көре аласыздар. Жаңа зообақтың қалай көрінетінін.

Әрбір адамның ішкі сұранысы бар, қайырымдылықпен айналысуға.Өзім кішкентай болған кезде, біз тұрып жүрген жеріміз, әл-ауқатымыз нашарлау болатын. Бірақта өзіміздің көршілермізбен сый - сыйапат болып, бір-бірімізге көмектесетінбіз.Біздің компаниямыздың стратегиясы бұл балаларға көмектесу, ауру балаларға көмектесу. Онкологиялық аурумен ауыратын балалар, содан кейін, аяқ қолы дұрыс істемейтін, дцп ауыратын адамдарға көмектесу. Енді келешекте біздің бір ойымыз бар, Құдай қаласа балаларға арналған реабилитациялық орталықты салу, Алматы қаласында.  Қалай емдеу крек? Қандай жаңа инновациялық технологиялар бар?  Эгзоскилет деген көптеген қазір жаңа инновациялық продуктылар шығып жатыр, соған қарай, соны көреміз енді, күшіміз жете ме, жетпей ме. Мемлекет тарапына жер бере ма, бермейді ме деген сияқты.

Біздің еліміздің экономикалық стратегиясы келешекке деген бағыты дұрыс. Бірақта кейбір кезде «шаш ал десе, бас алатын», біздің шенеуніктер де бар. Толығымен программаны түсінбейтін адамдар да бар. Кәсіпкерлердің арасында да ол программаны түсінбейтін адамдар да көп.Мен бизнесмен ретінде, маған күніне бір,екі,үш проект келеді. Ол проектілерді қараған кезде мен түсінемін, мысалы, бизес планды қарап жібергенде, беттерін ашып көресін, мына жерде дұрыс емес, мына жерде дұрыс емес.Дайын емес. Дайындығы нашар деңгейде болған соң, сосын айтады «бізге мемлекет мынаны бермейді, бізге мемлекет мынаны бермейді» деп. Сен бизнесмен болсаң, мемлекеттен сұрамайсың. Жақсы бизнесмен ретінде танылсаң, қадамыңды басып, өз қолыңмен істеу керексің. Мемлекеттен тек қана бизнеске кедергі жасамау керек. Болды. Ең негізгісі сол. Дұрыс заң болса, дұрыс программалар бар болса,басқа ештеңе керек жоқ.Ал сөйлей беріп, трэш-ток – америкалықтарша айтқанда. Жай «бла бла бла» сөйлей беру. Өз қолыңмен жұмыс істемесең, саған ешқандай инвестициялар келмейді. Партнерлардың бәрі келмейді. Мен көп партнермен қазір сөйлесемін Корея болсын, Япония болсын, Малайзиядан, Сингапурдан партнерлар келеді. Көбі айтады: көп сөйлейсіндер де, бірақ жұмысын істемейсіңдер. Сендердің сол ең негізгі қателіктеріңіз дейді бізге.

Қазіргі жастарға мен қатты сенемін. Білімі бар, көздері ашық. Жүректері лаулап бизнеске келу керек. Себебі қазір көптеген трендтерге байланысты, мемлекеттік жұмысқа барғысы келмейді.  Өзіміз өзімізге қожайын болып, бизнесті ашып, сонымен айналысқысы келетін адамдардың, жастардың проценті қазір 70-ке жетті. Себебі көптеген енді, жаңа мотивациялық кітаптар шықты. Жасбизнесмендерді көреді. Парасыз жұмыс істеуге болады деген сияқты. Бұрын бәрі мысалы, пара беріп қатысқысы келсе, қазірбәрі компьютермен, интернетпен регистрация жасап, өздері қатысып, тендерларды жеңіп жатыр.  Үлкен тендерлер емес әрине, кішкентай, конкурстарға қатысып, жеңіп, өз-өзін жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.