Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қызылжардың әскери институтында қос курсанттың арасында болған төбелестің соңы өліммен аяқталды

AstanaTV
08.09.2017ж. 20:00
3046
Қызылжардың әскери институтында қос курсанттың арасында болған төбелестің соңы өліммен аяқталды

Қызылжарда Қазақстан Ұлттық Ұланының әскери институтында қос курсанттың арасында болған төбелестің соңы өліммен аяқталды. 3 курста оқып жүрген Ғалымжан Тұрсын ауыр жарақат алып, жан тапсырды. Қазір оқиға орнында әскери тергеу басқармасының өкілдері тексеріс жұмыстарын қолға алды. Ал оны пышақтады деген күдікпен марқұммен бір топта оқыған курсант ұсталды. Оқиғаның мән-жайын аймақтағы тілшіміз тарқатады.

Абзал Құрманкин, тілші:

Әскери институт өкілдерінің хабарлауынша, оқиға кеше түс ауа сағат үштер шамасында болған. Бір-бірімен сөзге келіп қалған үшінші курстың екі студенті жазғы дәретхана маңайында жаға жыртысқан.

Артынша бір сарбаз екіншісіне пышақ салған. Ауыр жарақат алған азамат бірден мекеменің лазаретіне жеткізілді. Оқиға орнына дереу жеткен жедел жәрдемнің қос бригадасы зардап шеккен балаға 18 минут бойы алғашқы медициналық көмек берген. Алайда, курсантты ажал аузынан алып шығу мүмкін болмапты. 

Мамадияр Байғұлов, СҚО жедел медициналық көмек орталығының бас дәрігері:

Кардиобригада науқасқа бүкіл жәрдемді көрсетті. Реанимационные мероприятия дейміз ғой, соның барлығын жасады. Бірақ оның нәтижесі болған жоқ. Себебі науқастың алған жарақаты өте қиын болды. Соған қатысты бәрін істесек те, бала қайтыс болды. Жарақат алған деңгейін және неден өлген себебін тек қана медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.

Жұдырықтасқан курсанттардың тактикалық тәрбиелеу тобында оқығаны белгілі болды. 3 жыл бойы бірге білім алған жігіттердің арасында бұған дейін ашық текетірес болмаған, дейді әскери мекеменің өкілі.

Серікхан Абселемов, ҚР Ұлттық Ұланы әскери институтының басшысы:

Үлкен ұжымның ішінде түрлі жағдайлар кездеседі. Бірақ бұл екі курсанттың жұрттың алдында жанжалдасқаны байқалған жоқ. Екеуі де жақсы жақтарымен көзге түсіп отырды. Күдікті азаматтың спортпен шұғылданатыны белгілі. Қазір оқу үрдісі қатаң тексерілу үстінде. Сабақ тоқтатылған жоқ.

Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тексеріс жұмыстарын әскери тергеу басқармасы қолға алды. Ғалымжан Тұрсынға пышақ салды деген күдікпен 19 жасар азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Абзал Құрманкин, тілші:

Ғалымжан Тұрсын Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы болып шықты. Әскери институт өкілдері бүгін марқұмның туысқандарын Көкшетау қаласында қарсы алып, Қызылжарға алып келмек. Ал суық қарумен шабуылдаған азаматтың Алматы өңірінің тұрғыны екені белгілі болды.

А.ҚҰРМАНКИН