Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Эмирдің еміне нұротандықтар да ат салысып жатыр

AstanaTV
15.03.2021ж. 20:00
2058
Эмирдің еміне нұротандықтар да ат салысып жатыр

Ауыр дертке шалдыққан батыс қазақстандық бөбек Эмир Шахмаровтың еміне, «Nur Otan» партиясының  облыстық филиалы да ат салысты. Партияның аймақтағы белсенділері, студенттер арасында ұлттық ойын түрлерінен қайырымдылық спартакиадасын ұйымдастырды. Жарыстан түскен қаржы түгелдей Эмирдің еміне жұмсалмақ.

Жас жарымдағы Эмир Шахмаровтың бүгінде жүру тұрмақ, өздігінен еңбектеуі де қиын. Егер тезірек дәрі қабылдамаса, ол өмір бойына сал болып қалу қаупі бар. Ауыр дертпен бір жыл бойы алысқан ата-анасының ендігі үміті - АҚШ-та ғана жасалатын екпе. Ол ем үшін 1 млрд теңге қажет болып тұр.

Эмирді емдетуге, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы да ат салысты. Партия қаладағы оқу орындарының студенттері арасында ұлттық ойын түрлерінен қайырымдылық спартакиадасын ұйымдастырды. Жиналған қаражат сырқат бүлдіршіннің еміне жұмсалатынын естіген жастар, жарыс көрігін қыздырып, ұлттық спорт түрлерінен бағын сынады.

Жақсылық ШАЛАБАЕВ,  ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:


Эмирдің денсаулығы бізге өте маңызды. Біз осы жүлде қорын Эмирдің еміне жұмсағалы жатырмыз. Осы сауапты іске қатысқанымызға өте қуаныштымыз.

Қазір Эмирді қолдау үшін өңірде түрлі шаралар өткізіліп жатыр. Сауапты іске үлес қосқан азаматтар қиналған отбасыны қаржылай демеп, жанашырлық танытуда.

Тұрарбек ТІЛЕМІСОВ, БҚО МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Эмир деген бауырымыз бар Ақсайдағы. Сол баламыз ауырып жатыр екен. Соған жазылып кетуіне аздап себепші болсын деп көңіл бөліп жатырмыз. Мына жерде бауырларымызды қайырымдылыққа үйрету деген сияқты үлкен ой жатыр. Сол бағытта өткізіліп жатқан шара.


Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Эмирдің ата-анасы да қатысты. Бұл көмекке тебіренген әкесі нақты ісімен жанашырлық жәрдемін көрсеткен партияға алғысын білдірді.

Талех ШАХМАРОВ, ЭМИРДІҢ ӘКЕСІ:

Қазақстан халқының қалаберді жерлестеріміздің бізді қолдап жатқанына ризамыз. Бізге «Nur Оtan» партиясы да көмектесіп жатыр. Шынымды айтсам, мұндай жәрдемді күтпеп едік. Адамдықтың, азаматтықтың жарқын үлгісін көрсете білген абзал жандардың бәріне мың алғыс айтамыз!


Ата-анасы Эмирдің дәріні қабылдауға дайын екенін айтты. Бүгінде сәбидің еміне қажетті соманың жартысынан астамы - 558 млн теңге жиналған. Енді қалған бөлігі 37 күннің ішінде жиналуы керек. Көптің көмегі көңіліне медет болғанын айтқан ата-ана кішкентайының сауығып кетерінен үмітті. Эмирге өмір сыйлаймын десеңіз, экранда көрсетілген реквизиттерге сіз де ақша аудара аласыз.

Е. Карин

Реквизиттер:

Kaspi Bank
5169 4971 4460 6583
8(771)-483-75-55 Сабина Сағынғалиқызы Д. (Эмирдің анасы)

Сбербанк Қазақстан
4263 4333 3483 6340
8(771)-483-75-55 Сабина Сағынғалиқызы Д. (Эмирдің анасы)

Bank CentreCredit
4899 9333 3355 9357

Halyk Bank
4405 6397 1084 2392
8(705)-328-06-63 Шахмаров Талех И. (Эмирдің әкесі)


Инстаграм парақшасы:
https://www.instagram.com/emir_sma_aksay/