$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматы іргесіндегі Қызылту ауылына осымен үшінші ұшақ құлады

AstanaTV
15.03.2021ж. 20:00
3548
Алматы іргесіндегі Қызылту ауылына осымен үшінші ұшақ құлады

Күні кеше Алматыда болған АН-26 ұшағының апаты, әлем бойынша 169-ншы болып тіркелді. Бұл туралы авиациялық қауіпсіздік желісі ақпарат таратты. Бұндай қайғылы оқиға өткен жылдың тамызы мен қыркүйегінде Оңтүстік Судан мен Украинада тіркелген.  Айта кету керек, бұл Қазақстанда "АН" сериясындағы әуе көлігінің қатысуымен болған бірінші апат емес. 2012 жылдың желтоқсанында Шымкент маңына құлағын ұшақта  27 адам көз жұмаған болатын. АН-26 ұшағын Киевтегі Антонов конструкторлық бюросы ХХ ғасырдың 60-жылдары құрыстырып шыққан. Ол 1969 жылдан бері, қызмет көрсетуде. Экипаж мүшелерін қосқанда сыйымдылығы 44 адам. Ұзындығы: 24 метрге жуықтайды. Айтып өтейік, 2013 жылдан бері Алматыдағы әуе кемесінің қатысуымен болған үш апатта, Қызылту ауылы маңында болып отыр.

А. Данияр