Бар-жоғы 20 жаста Иманбек Зейкенов, Grammy иеленген тұңғыш Қазақстандық атанды. Оның америкалық әнші SAINt JHN-ның «Roses» әніне жасаған ремиксі, үздік деп танылған. Жас музыкантты, үлкен жеңісімен қазақстандықтармен қатар әлемге әйгілі әншілер де жарыса құттықтап жатыр. Ал Иманбек жақын күндері туған қаласы Ақсуға оралып, қуырдақ жасап, жақындарыммен бірге жеңісімді атап өтемін дейді.
Бұл - тарихи сәт. Өйткені Иманбек музыка саласындағы ең беделді - Grammy сыйлығын - иеленген тұңғыш Қазақстандық. Ол жасаған ремикс көптің көңілінен шыққан. Мұны өзі де күтпеген секелді. Карантин шараларына байланысты, салтанатты шараға ол онлайн қатысты.
Иманбек ЗЕЙКЕНОВ, МУЗЫКАНТ:
Анама, әкеме, командама, менеджеріме рақмет. "Грэммиге" рақмет!
Иманбек Павлодар облысының тумасы. Ол Ақсу қаласында қарапайым теміржолшы болып жұмыс істейді. Музыкалық білімі де жоқ. Дегенмен кішкентай кезінен әуенге жаны қас. Гитара тартуды әкесінен үйретіпті. Осылайша "Roses" әніне жасаған ремиксі хитқа айналып, «грэмми» әкелді.
Жас музыкантты жеңісімен құттықтап жатқандардың қарасы қалың. Олардың арасында әлемге әйгілі әнші, музыканттар да бар. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та, құттықтауын жолдаған. Қазіргі уақытта музыкант өзінің менеджерімен бірге. Бірақ жақын күндері туған жерге оралып, қуырдақ жасап, жақындарыммен бірге жеңісін атап өтпекші.
Иманбек ЗЕЙКЕНОВ, МУЗЫКАНТ:
Әлі ойымды жинақтай алар емеспін. Керемет! Бірінші болып, сүйіктім құттықтады. Артынша анама хабарластым. Енді келген соң мал сойып, қуырдақ жасап, дастархан басында атап өтеміз.
Осымен 63-і рет ұйымдастырылған шара биыл жартылай онлайн форматта өтті. Яғни барлық үміткерлер мен көрермендерді Лос-Анджелестегі «Staples Center-ге» жинау мүмкін болмады. Қазақстандықтан бөлек үздік атанғандарға келсек, екінші жыл қатарынан «жыл жазбасы» номинациясын - Билли Айлиш иеленді. Ал бұл жолы үш номинацияда үздік деп танылған Бейонс, рекордты жаңартты. Ол ең көп, яғни 28 грэмии иеленген әйел атанды.
Ә. Өмірзақ