Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Батыс Қазақстан облысында барымташылар тобы ұсталды

AstanaTV
17.03.2021ж. 20:00
1570
Батыс Қазақстан облысында барымташылар тобы ұсталды

Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарының шекарасында жатқан шаруаларды қан қақсатқан барымташылар ұсталды. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті, жылқыларды атып жүрген қылмыстық топқа қатысты тергеуді бастаған.

Бүгінде мал ұрлады деген күдікпен үш адам қамауға алынған. Үшеуі де Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. Олардың үйінен малдың сойылған еті, мылтық пен оқ-дәрі табылыпты. Енді олардың басқа да ашылмаған мал ұрлығына қатысы бар-жоғы анықталмақ. Полиция бұл қылмыс түрінің жиілеуіне төрт түліктің қараусыз далада жүруі себеп деп отыр.  Олардың дерегінше, былтыр ұрылар олжалаған малдың 79 пайызы жайылымнан жоғалыпты. Әрі малын жоғалтқандардың кейбірі бір жыл өткеннен кейін полицияға шағымданатын көрінеді.

Ерлан АРЫСТАНОВ, БҚО ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Түнгі кезде шекаралас аудан жаққа шығып, бос жүрген, далада жүрген малды атып алып, сосын ішіндегі іш-құрылысы, ішек-қарнын, басын сол жерге қылмыс болған жерге тастап, сол жерден сойып, бері қарай әкеліп, сондай ұрлықпен айналысқан қылмыстық топ.

Осыған дейін Атырауда жылқыны жайылымнан мылтықпен атып алатындарға құрық болмай жатқанын хабарлаған едік. Малынан айрылғандар сақшылардың қамсыз отырғанына шағым айтқан болатын. Қорғансыз шаруаларды басынған барымташылардың шектен шыққаны соншалық, бір апта бұрын шаруа қожалығының 4 жылқысын атып, екеуін сойып алған. Тіпті буаз биенің ішін жарып, құлынын лақтырып кеткен еді.

Е. Карин