Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Жайылымдар туралы» Заң өңірлерде әлі күнге жұмыс істемей келеді, - депутат

AstanaTV
17.03.2021ж. 20:00
2120
«Жайылымдар туралы» Заң өңірлерде әлі күнге жұмыс істемей келеді, - депутат

2017 жылы қабылданған «Жайылымдар туралы» Заң, неге өңірлерде әлі күнге жұмыс істемей келеді? Дәл осы сауалды бүгін мәжілісмен, Үкіметке депутатық сауал түрінде жолдады. Депутаттар жергілікті атқарушы органдар, құжатқа жеткілікті түрде мән бермей келе жатқанын сынады. Осының салдарынан ауыл тұрғындары арасында әлі күнге дейін жер мәселесі бойынша даулар шешімін таппай келе жатқанына алаңдаушылық білдірді. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында да көтерілген мәселені, аймақтағы әріптестерім жергілікті шенділерге жеткізді.

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Жайылымдық жерлердің жайы бүгін тағы көтерілді. Мәжілісмен Фахриддин Қаратаев төрт түлігін жаятын жер таппағандардың арыз-шағымы көбейгенін айтты. Оның пайымынша, жергілікті атқарушы органдар мәселені шешуге құлықсыз көрінеді.

Фахриддин ҚАРАТАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Өкінішке орай жергілікті атқарушы органдар ол Заңға жеткілікті түрде мән бермей келеді, Заңның 13-бабына сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілер - жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарлар өңірлерде практика түрінде орындалмайды.

Депутаттың сөзіне сенсек, жайылымдық жерлердің тапшылығы барлық облыстарда бар проблема. Көш басында Түркістан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстары тұр. Сондықтанда мәжілісмен елдегі бос алқаптарды мемлекетке қайтаруда қатаң шаралар қабылдауды ұсынды. Айта кетейік, аталмыш мәселе жыл басында Үкіметтің кеңейтілген отырысында да, көтерілген еді.  

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ (26.01. 2021 ж):

Жайылымдардың 99 пайызы, шаруа-қожалықтарының иелігінде. Алайда оның 36 пайызында ғана мал жайылады. Қалған 46 млн жайылымдық жер бос жатыр. Үкіметке бас прократурамен бірлесіп, биылғы жылдың соңына дейін осындай жайылымдарды қайтарып алуды тапсырамын. Оны ауыл тұрғындарының игілігіне берген жөн.

Еске саласақ, елде "Жайылымдар туралы" заң 2017 жылы қабылданған болатын. Алайда мәселе қағаз жүзінде қалған сыңайлы. Оған Президент жергілікті әкімдіктердің жауапсыздығы себеп деген еді.  

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ (26.01. 2021 ж):

Жергілікті әкімдіктер жұмысты дұрыс ұйымдастырмай жатыр. Соның салдарынан ауыл тұрғындары мал жайатын жайылым таппай қиналуда. Әсіресе Алматы, Түркістан облыстарынан арыз-шағымдар көп түсуде.

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Дегенм бұл проблема жылдың соңына дейін шешілуі тиіс. Ал оны өңірлердегі шенуніктер шешіп жатыр ма? Соны сұрастырып көрсек. Түркістан облысындағы жағдайды әріптесім Айзада Төребекқызы жеткізбекші. Айзада.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Иә, Бекболат, жайылымдық жер, Түркістан облысында шынымен де өзекті. Төрт түлік ұстаған ауылдағы ағайын, ауыл аймақта мал жаятын жердің жоғын жиі көтеріп жүр. Өңірдегі жер көлемі 11 млн 600 мың гектар болса, оның – 8 млн 800 мың гектары жайылым жер болып саналады. Бірақ ол жердің барлығына мал жайылады деуге келмейді.

Облыстық жер қатынастары басқармасы дерегіне сүйенсек, 30 пайызы Созақ ауданындағы бетпақдала.  Дейтұрғанмен жайылымдық жер мәселесін шешу үшін, жер қатынастары қарап отырмағандарын айтты. Түркістан облысындағы 152 елді-мекеннің төңірегіндегі телімдер төрт бағыт бойынша мемлекетке қайтарылмақ. Оның ішінде жеке шаруашылықтағы жерлерді де қайтаруды көздеп отыр.

Қарсыбек ЕРТУОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Одан кейін босалқы жерлер, елді-мекеннің айналасындағы жерлерді беру. Бұл жерде жеке шаруашылықтағы жерлерді басқа балама жер беру арқылы, келісім арқылы және де мерзімі келген 49 жылға жалға алған жерлердің мерзімі қазіргі күнде жақындаған жерлер бар жеке шаруашылықтардағы, сол жерлерді мерзімін келгендерді бірінші кезекте елді-мекеннің меншігіне пайдалануына беру туралы шаралар жүргізіліп жатыр.  

Аймақтың ауыл шаруашылық басқармасындағылар жер тапшылығының туындауына мал басының көбеюі себеп дейді. Өйткені, соңғы жиырма жылда мал саны үш есе артқан.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Дегенмен, бірінші жарты жылдықта ауыл іргесіндегі 66 мың гектар жер жайылымға беру жоспарланған. Жыл соңына дейін жер қатынастары басқармасының мамандары жалпы 130 мың гектар жайылым ел илігілігіне беріледі деп отыр. Ал, қызылордалық әріптесімде, жерге жауаптылардың жұмысын бағамдап көрді.  Мөлдір, сөз өзіңде.

Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Иә, Айзада, Сыр өңірінде де бұл мәселе бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Облыста 12 млн. гектар жайылымдық жер бар. Оның шамамен 3 млн. гектарға жуығын шаруашылықтар пайланып отыр. Ал 600 мыңнан астамына елді-мекен тұрғындары, қораларындағы төрт түлігін жаяды.

Жер қатынастары басқармасы, жайылым жерлерді көбейту үшін жұмыс бастап кеттік дейді. Бірақ әзірге тек ұсыныс түрінде ғана жүріп жатқан сыңайлы. Басқарма ауыл-аймақта мал басы артты. Сондықтан мал ұстаған ағайынға мәселені шешудің бірқатар жолдарын ұсынып отыр.
 
Сұлушаш АЙТБАЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Ұтымсыз пайдаланып отырған шаруашылықтар болатын болса, солардың жайылымдық алқаптарын қайтарып алу мемлекетке. Сол ауылдың мал жайылымына бекітіп беру мәселесі. Екіншісі ауылдағы халықтың қолындағы сауын малдарын ғана ұстауын белгілеп, артық малдарды жайылымның жетіспеушілігіне байланысты маусымдық шалғайдағы мал жайылымына шығару мәселесі.

Алдағы уақытта мамандар аталмыш ұсыныс негізінде халық арасынада кеңінен түсіндіру жұмыстарын жасауды қолға алатындарын жеткізді.  

Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Алайда, жауапты мекемелерге қызылордалық кәсіпкерлер тарапынан жайылым жер тапшылығына қатысты әзірге ешқандай шағым түспеген.

М. Тоқтасынқызы, А. Төребекқызы, Б. Сатуов