Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

800 жыл бұрынғы асатаяқ табылды

AstanaTV
25.03.2021ж. 20:00
2720
800 жыл бұрынғы асатаяқ табылды

Түркістан облысында Қожа Ахмет Ясауидің нағашысы ұстаған, яғни 800 жыл бұрын ұсталған асатаяқ табылды. Көненің көзін осы күнге дейін өңірдің қарт тұрғыны сақтап келіпті.

Асаятаяқты күні бүгінге дейін, Қожа Ахмет Ясауидің нағашысы - Тағайын ата кесенесінде шырақшы қызметін атқарып келе жатқан әулет сақтап келген. 82 жастағы Шарипулла Хайдарұлының білуінше, ең бірінші шырақшы - Боғи бабасы - Тағайын атаның жан жолдасы болыпты. Жәдігердің тарихы тым тереңде жатқанын жеткізген қария, қасиетті де, киелі әулиенің қабірін күтіп, сақтау қызметі атадан балаға жалғасып келеді деді. Сонымен қатар Шарипулла қарияның қолында Ясауидің нағашысынан қалған қолжазба да бар екен. Құнды мұралар - "Ясауи ізімен" ғылыми-танымдық экспедициялық жобасы аясында жарыққа шығып отыр. Ғалымдар алдағы уақытта ақсақалдың қолындағы асатаяқ пен қалың қолжазбадағы жазулардың да мән-мағынасын анықтамақ.

А. Төребекқызы