$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жамбыл облысында жасөспірімдер арасында жүктілік жоғарылаған

AstanaTV
25.03.2021ж. 20:00
2430
Жамбыл облысында жасөспірімдер арасында жүктілік жоғарылаған

Жамбыл облысындағы жасөспірімдер арасында жүктілік көбейген. Былтыр аймақта кәмелетке толмаған 244 оқушы жүкті болса, 2019-шы жылы 198 дерек тіркеліпті. Жаға ұстатарлық бұл сандарды медицина мамандары келтірді. Алайда, білім беру ісіне жауапты мамандар мұнымен келіспейді. Олар дәрігерлер деректерді жинақтау кезінде қателікке жол берген деп отыр. Білім басқармасындағылар былтыр аймақта, 122 жасөспірім жүкті болғанын айтты. Олардың 56-сы заңды некеге тұрған деді. Себебі, «Неке және отбасы» кодексіне сай кәмелетке толмағандар арасында жүктілік тіркелген жағдайда 16 жастан бастап отбасын құруға рұқсат етіледі. Қалған 65-і азаматтық некеде тұрып жатқанын мәлім етті. Педагогтар көрсеткіштің екі есе көбейуіне зерделеу жұмыстарын жүргізіпті. Олар екі қабат қыздардың өзге өңірлерден келіп босанатындығын анықтаған.

Талғат ЖАМАЛОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Комиссияның қорытындысымен қараған кезде, анықтағанымыз, Түркістан облысынан, Шымкент қаласынан, Алматы облысынан , Алматы қаласынан келіп тіркелген қыздардың есебін көргенбіз. Сондай-ақ, Қызылорда облысынан келіп тіркеліп, осы жерде жүктілікпен қаралып, осы жерде босанып, қайтып кеткен қыздардың фактілері орын алған.

Б. Жұмабайұлы