$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырауда күнбағыс майы неге қымбат?

AstanaTV
25.03.2021ж. 20:00
2467
Атырауда күнбағыс майы неге қымбат?

Елімізде күнбағыс майының бағасы шарықтап кетті. Әсіресе Атырауда сұйық майдың бір литрін - 732 теңгеден саудаланып жатыр. Айлығын шайлығына жеткізе алмай жүрген жұрт, әлеумет үшін маңызды азық-түлік бағасын жүгендей алмай отырған шенділерге өкпелі.

Сатушы Қамымзия апа халықтың реніші орынды,- дейді. Өйткені күнбағыс майының бағасы соңғы бірнеше айда күрт қымбаттаған. Үстіне жарытып ақша қоса алмаймыз, - деп отыр.

Қанымзия ДОСПАНОВА, САТУШЫ:

Фирмадан қымбат келеді. 30- 40 теңгеден асырмайды бізде деген қосатын бағамызды. Ренжитіні дұрыс шығар. Шемешкі майлар бірден қымбаттап кетті ғой.  Қымбатсығанмен біздің кінә емес.

Былтыр желтоқсанда Атырауда күнбағыс майының литрі 578 теңгеден сатылған еді. Соңғы мониторинг бойынша наурызда, баға 732 теңгеге күрт көтеріліпті. Мамандар 6 сауда орнында 5 түрлі шемешкі майдың бағасын бақылаған. Оның біреуі ресейлік, қалғаны отандық тауар өндірушілердің өнімдері. Олар баға ай сайын емес, апта сайын қымбаттап отырғанын мойындайды.

Зәуре БАЙМҰҚАШЕВА, ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Шемешкі майына баға апта сайын өсіп тұр. Жыл басында баға 651 теңге болса, наурыз айында баға 732 теңгені құрап тұр.

Әкімдіктегілер болса, тауардың қымбаттауына өнімнің сырттан тасымалдануы себеп деді. Оған логистикалық және коммуналдық шығындар қосылатынын түсіндіріп әлек. Дегенмен бағаны тұрақтандыру үшін еңбектеніп жатқандарын айтты.  

Мейрамбек АУХАДИЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Рұхсат етілген бағасын белгілеу жөнінде облыс әкімінің комиссия отырысы өткізіліп, облыс әкімінің қаулы жобасы дайындалып, әділет департаментіне келісімге жолданды. 686 теңгеден бекіту жөнінде.

Алайда әкімдік маманы баға қашаннан бастап тұрақталатынын айтқан жоқ. Әділет департаменті 686 теңгеге келісім бергеннің өзінде Атырау ең қымбат аймақ боп қала береді. ГРАФИКА: Өйткені күні бүгін Атырауда күнбағыс майының литрі – 732 теңге болса, Нұр-Сұлтан - 651 теңгеден сатылуда. Ал Алматыда 648 теңгеге саудалануда. Ең арзан күнбағыс майы Петропавл қаласында. Онда литрі 562 теңге екен

Айта кетері тағы бір жайты, Атырау өңірде Тұрақтандыру қоры ұсынған азық-түлік қатарында күнбағыс майы жоқ.

Азамат АЙТБАЕВ, «АТЫРАУ» ӘКК МЕНЕДЖЕРІ:

Қазіргі уақытта жоқ. себебі жасақталған шарт талаптарының бірі өнімдерінің бағасы шекті мәннен аспау керек. Бірақ қазіргі уақытта күнбағыс майының бағасы күнбағыс майының фирмаларына  бағалары өсуі байқалуда. Өнімнің бағасы шекті мәнінен аспау керек. Сол себептен бізде оның сатылуы жоқ. тұрақтандыру қорында.  

Айта кетейік, аймақ тұрғындары айына 383 тонна сұйық май тұтынады.  Олар көрші Ресей мен  еліміздің өзге аймақтарынан тасымалданады.

Б. Надірқызы