Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Павлодардағы екіқабатты үйлер түгелдей сүріледі

AstanaTV
26.03.2021ж. 20:00
1646
Павлодардағы екіқабатты үйлер түгелдей сүріледі

Павлодардағы екіқабатты ескі үйлер түгелдей сүрілмек. Тәуелсіздік алғалы бері өңір қарқынды даму үстінде. Қала көркейіп, зәулім жаңа ғимараттар бой түзеген. Аймақта екі бірдей шағын аудан пайда болды. Ертіс өңірінің өнеркәсібіне де көп көңіл бөлінді.

Павлодар - Ертіс өзенінің бойындағы ірі қалалардың бірі. Қазақстанның өнеркәсіп орталығы. Өңірде түрлі салалық бағыттағы кәсіпорындар бар. Сонымен қатар, бұл қала, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, өнеркәсіпті дамытуға қолайлы географиялық жағдайға ие.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


"Мен кәсіпорындарды араладым, адамдармен сөйлестім, олардың көңіл-күйін сезіндім. Аймақ экономикасындағы өнеркәсіптің үлесі 50 пайызды құрайды. Бұл өзге өңірлерге қарағанда жоғары көрсеткіш."


Кереку өңіріндегі ертедегі саудагерлердің ескі ғимараттарыда, бүгінде заманауи кейіпке енген. Жергілікті бойырғы тұрғындар жыл өткен сайын, қаланың көркейе түсетініне сенеді.

Владимир КОЛОТОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 
Кеңес уақытында жұма мен сенбі күндері көше тазалығына көңіл бөлінетін, бірақ соған қарамастан қазір қала әлдеқайда таза, әлдеқайда әдемі. Мен іс сапарларға көп бардым. Сондықтан салыстыруға болатын нәрседер көп.

Бүгінде қаланың өткен кезеіңін мына тозығы жеткен ескі үйлер ғана еске түсіреді. Қала билігі оларды 2023 жылға дейін сүріп, жаңадан салуды жоспарлап отыр. Дегенмен бүгінде екі бірдей шағын аудан жаңадан пайда болды. «Сарыарқа» деп аталатын шағын аудан құрылысы аяқталуға таяу. Ал «Достық» шағын ауданының іргетасы енді қаланды. Таяу күндері мұнда 5 бірдей көпқабатты үй пайдаланылуға берілмек.

Александр РЮМКИН, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:


Усколка шағын ауданы ұлғая түсті. Бұрын мұнда тек тұрғын үйлер ғана болса, қазір бұл аумаққа көптеген әкімшілік ғимараттар бой көтерді. Соның бірі «Назарбаев зияткерлік мектебі». Сондай-ақ, бұл жерге еліміздегі алдыңғы қатарлы «кардио орталық» салынды. Бұл нысан науқастарды емдеуде заманауи құрылғыларыды қолданады. Мұндай мүмкіндіктер бұрын болмаған. Бұның бәрі Тәуелсіздіктің арқасы деп білемін.

Шаһар көркін ашқан Ертіс өзенінің жағалауы. Бұл қалалықтардың бүгінде сүйікті демалыс орнына айналған. Мұнда ашық аспан астындағы мұражай мен сахна бар. Әсіресе жазғы уақытта бұл маңда ине шаншар орын табылмайды.

БЛИЦ:

 - Микрорайон "Сарыарқа" салынды. Көшелер түзелді.  Әжептәуір өзгерістер бар негізі  бұрынғы 90 -жылдардан қарағанда. Біз енді 90 жылдарды көрдік ғой.  

-    Бұрын  осы қалаға мен келгенде жалғыз тек 16 қабатты үй ғана бар болатын. Қазір небір ғимараттар жаңа үйлер салынды. Осының барлығы бізді қуантады.


Павлодар қаласының инфрақұрылымы да айтарлықтай жақсара түсті. Қала көркін ашқан трамвай жолын ұзарту қолға алынбақ. Алдағы уақытта теміржол көлігін «Достық» шағын ауданына дейін жеткізу жоспарланып отыр. Қалалықтардың саны да арта түскен. Қазіргі күні шаһарда 334 мыңға жуық тұрғын мекен етеді.  

Ө. Қуанар