Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Таразда жеңгетайлықпен айналысқан әйел адам анықталды

AstanaTV
26.03.2021ж. 20:00
1615
Таразда жеңгетайлықпен айналысқан әйел адам анықталды

Таразда жеңіл жүрісті қыздардың қызметін ұсынып келген, 48 жастағы әйел адам ұсталды. Ол қаладағы сауықтыру кешенін түңгі көбелектердің мекеніне айналдырған деген күдік бар. Заңсыз бизнесті ұйымдастырушы азаматшадан айғақ заттар ретінде ақша, байланыс құралдары және өзгеде де заттар тәркіленді.  

Тәртіп сақшылары демалыс орнына басып кірген. Дәл сол сәтте кешен ішінде, бірнеше ер азаматтар мен бойжеткендер де болған. Олардың барлығы енді заң бойынша жауапкершілікке тартылмақ. Жалпы, бұл рейдтің қорытындысы бойынша 12 әкімшілік хаттама толтырылып отыр. 2 адам жеңгетайлықпен және 5 әйел жезөкшелікпен айналысқандары үшін есепке алынды. Ал осындай бизнеспен пайда тапқысы келген азаматша, кінәсі дәлелденсе 5 жылға темір торға тоғытылуы мүмкін.

Б. Жұмабайұлы