Шымкенттегі "Тұран" шағын ауданындағы біткен кқпқабатты үйдің, проблемасы бітпей тұр. Тұрғындар жаңбыр жауса болды, тоғыз қабатты баспананың жертөлесіне су жиналатынын түсінбей дал. Бүгінде қабырғалары қақырап кеткен. Жаңа аудандағы ахуалды әріптесім Айзада Төребекқызы айтсын.
"Тұран" шағын ауданындағы мына үйдің ел игілігіне берілгеніне үш жыл бола қойған жоқ. Бірақ кейбір пәтердің қабырғалары сөгіле бастапты.
Айгүл ИБРАЕВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Мына жерден бастап жыртылған. Уже астына қарай кетіп жатырда уже дәу трассаға қараған жол бетта мынау, далада жырығы үлкен боп көрінеді кәдімгідей. Қыста жел өтеді қатты өтед жел. Қазірде бүйтіп қолдарыңызды қойсаңыздар желдер өтеді.
Гүлжазира Сейілбекқызы жуынатын бөлмедегі қыш тақталарға дейін қақ айрылғанын көрсетті. Енді жатын бөлмедегі жырықтар да ұлғайып барады деп отыр. Айтуынша мердігер мекемеден қайыр жоқ көрінеді. Жауын суы мұндағы көршілес үйлердің де жертөлесіне жиналады екен. Барлығының уайымы бір, несиеге алған пәтеріміз апатты күйге ұшырайды ма деп қорқады.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Тұран шағын ауданы тұрғындарының көңілі толмайтын дүние көп. Ойын алаңшаларына мынадай майда қиыршық тастар төселгенімен ата-аналар балаларымыз шаң топыраққа ойнайды дейді. Сондай-ақ бұл аумақ кеш түссе болды қараңғылық құшағында қалады екен. Көше бойларына мынадай жарық шамдар қойылғанымен жарығы жоқ.
Тұрғын үйлерді тұрғызған компания өкілдері бұл үйлерде аса көп ақау жоғына сенімді. Кепілдік мерзімі бітіп қалғанына қарамастан тұрғындар өтінішін әлі де орындап жатқанын жеткізді. Айтуларынша қабырғалардағы жарықшақтар қауіпсіз көрінеді. Терезе жақтауларындағы сызаттар асфальт төсегендер тарапынан жерді нығыздау кезінде туындағанын көлденең тартты. Ал жертөлеге су жиналуын шешеміз деді.
Абжат ӘКІМОВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ:
Біздерде материал бар. пинитрон пиникрит деген іштен жалпы су өтіп жатқан жағдайда болсын, қандайда бір жағдайда жағылатын материалдар бар. сол материалдар алдырылды. Біздер енді соны ішке жертөленің ішіне тағыда жағып өтеміз деп отырмыз. Жалпы су тоқтатылады.
Шымкентте жаңадан салынған үйлердің мәселесі мұнымен бітпейді. «Нью сити» тұрғын үй кешенінде де кемшілік бар. Тұрғын үй алдындағы жолдар опырылып, жауын жауса кішігірім көлшікке айналады екен. Құрылыс басқармасындағылар мұны жобада кеткен кемшілік деп түсіндірді.
Бағлан КҮЗДЕУБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Арықтарды қосу жүйесін қарастырылмаған. Соның салдарынан артынан су кетіп сөйтіп теплотрассаға су кеткенда шөгіп отырған. Оны біз кемшіліктерді анықтадық. +Жақсылап сапалы етіп нығыздап істеп орнына келтіреміз.
Жауапты өкілдері балалардың ойын алаңшаларының да мәселесін шешеміз деп сендірді.
А. Төребекқызы