Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Баянауылда бюджеттің қыруар қаржысына салынған нысандар қаңырап тұр

AstanaTV
30.03.2021ж. 20:00
2343
Баянауылда бюджеттің қыруар қаржысына салынған нысандар қаңырап тұр

Баянауылда ашылып, бір-ақ күнде жабылып қалған әуежайды, ипподромға айналдыру жоспары бар. 240 млн теңгеден астам бюджет қаржысына салынған нысан, екі жылдан бері бос тұр. Жарамсыз әуежай салған ауданның экс-әкімі Оразгелді Қайыргелдинов 3 жарым жылға сотталып кетті. Ал құрылысына 300 млн. теңге қаражат құйылған "Мырзашоқы" тау шаңғы кешені де, өлместің күнін кешіп отыр. Себебі, тауға қар тоқтамайды. Қазынаның қомақты қаражатын желге ұшқаны ма? Болашағы  бұлыңғыр жобалардың ендігі тағдыры не болмақ?  Тілшіміз Баянауылға арнайы барып, сауалдарға жауап іздеп келді.

Бұл осыдан 2 жыл бұрынғы тарихи көрініс. Аймақ атқамінерлері Баянауылға алғаш рет ұшақ қонды деп, жаппақ жұртқа жар салды. Алайда, бұл қуаныш ұзаққа бармады. Құрылысына 240 млн-нан астам қаражат жұмсалынған әуежай, бір-ақ күнде жарамсыз болып қалды. Себебі шағын әуежайдың ұшып қондыру жолағы халықаралық стандартқа сәйкес болмай шықты. Бірден әуежайдың есігіне қара құлып салынған еді. Содан бері бос тұрған ғимаратты,  енді жергілікті билік ипподромға айналдыруды жоспарлап отыр.   

Қанат КӘРІМОВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:


Ұлттық ат спорттарына орталық ашамыз соның басынан. Сенімгерлікке береміз, қазір құжаттар дайындалып жатыр. Конкурс арқылы береміз. Әрман қарай ол жерде ипподром бола ма, балаларды атқа үйретуге сондай сондай сондай не болады.


Осылайша әуежай орында ұшақтың гуілі емес, тұлпардың дүбірі естіліп қалуы да ғажап емес. Бірақ қашан жүзеге асатынын белгісіз. Дәл осылай өзін-өзі ақтамаған өңірдегі жобаның бірі - «Мырзашоқы» тау шаңғы кешені. Мұндағы жағдай да көңіл көншітпейді. Шаңғы маусымы биыл да ашылмаған.  

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:


Тау шаңғы базасы осыдан  2 жыл бұрын салынған. Алайда, қомақты қаражат  жұмсалынған нысан қаңырап бос тұр. Себебі, бұл тауға қар тоқтамайтындықтан, шаңғы тебу мүмкін емес.


Амангелді МАКАРОВ, «МЫРЗАШОҚЫ» ТАУ ШАҢҒЫ КЕШЕНІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

800 метрдей снег задержаниесы бар забор қойып қойды. Одан қар ұстайды. Бізде жалпы биыл қар жоқ ғой. Сол себепті 2 проблемный жер орта нағыз желдің өткел жері. Сол жерде қар жұқа ғана ұстайды да. Астында ұсақ ұсақ тастар бұл инвеньтарды құртады. Сол себепті сезон ашылған жоқ.

Ел ішінде бұл тау - «Тақыр тау» деп аталынып кеткен. Өйткені, мұнда үнемі жел соғып тұрады, есесіне қар тұрмайды. Десе де, аймақтың сол кездегі басшылары бұны ескермесе керек-ті. Енді жасанды қар жасауға бас ауыртып отыр. Оның өзіне таудан су таппай жатыр.

Нұрлан ЕСЕМБАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Қазір Мырзашоқыда су жоқ. Бірнеше жерден құдық қазып көрді. Жақын жерден су шықпады. Сол себепті онда жасанды қар жасау мүмкін болмай тұр. Қазір су тарту бойынша жобалық сметалық құжаттар жасалынып жатыр. 2022 жылға дейін жасанды қар жасалынатын болады.

Кешен ашылғалы әзірге тек балалардың сырғанақ алаңына ғана жарап тұр. Айтып өтейік, қазынадағы ортақ қаржыға салынған бұл жоба да, сенімгерлік басқаруға берілген.  

Ө. Қуанар