Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қостанай полицейлері желідегі видеоға қатысты тексеріс бастады

AstanaTV
30.03.2021ж. 20:00
1930
Қостанай полицейлері желідегі видеоға қатысты тексеріс бастады

Жітіқаралық полицейлер мас еркекті ұстаймыз деп масқара болды. Әлеуметтік желіде тәртіп сақшыларының  тұрғынды құрықтау операциясы тарап кетті.

Жанжалды видеоға түсірген адам, жасөспірімнің көзінше шабуыл жасаған полицейлердің әрекетіне наразылығын білдіріп әлек. Тағы біреуінің күйеуіне көмектесіп, полицейлерге балағат сөз жаудырғаны байқалады. Облыстық полиция департаменті қос сақшыға қатысты қызметтік тексеріс бастаған. Ал қоғамдық тәртіпті бұзған 39 жастағы аудан тұрғынына әкімшілік хаттама толтырылыпты. Тексеріс аяқталысымен патрульдік полицейлердің іс-әрекеттеріне түбегейлі баға берілмек.


З. Санай