Қазақстанда індеттің өлімге алып келу қаупі жоғары штамды 12 адам жұқтырған. Коронавирустық "Британдық" формасы ең көп анықталған өңір - Алматы. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәліметі осы. Жұқпалы инфекцияның бұдан бөлек тағы ықтимал 2 түрі де елдің барлық аймағына тарап үлгеріпті. Тек Шығыс, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары ғана кеселдің мутацияланған түрінен аман. Эпидемиологиялық ахуал туралы әріптесім Асылбек Данияр айтып берсін.
"Британдық", "бразилиялық", "оңтүстік африкалық" штамм. Қоғамдық денсаулық сақтау лабораториясының зерттеу нәтжесі Қазақстанда COVID-19-дың үш түрі тарай бастағанын көрсеткен. Министрдің айтуынша, жұғу жылдамдығы әдеттегі вирустан 50-70 пайызға жылдам болуы мүмкін. Бұлардың ішінде "британдық" нұсқасы науқастың жағдайын тым нашарлатып жіберетін көрінеді. Қалған екеуінен қатты қауіп жоқ екен.
Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
Алматы қаласындағы науқастардан ДНК нәтижелерін тексеру арқылы "британдық" және "оңтүстікафрикалық" штаммның циркуляциясы анықталды. Елімізде 12 адамда британдық штамм анықталды. Олардың ішінде 8 адам - Алматы қаласына, 3 адам - Ақтөбе облысында, Нұр-Сұлтанда бір адам тіркелді.
Коронавирустың "Алматылық" штамы. Ғаламтор беттерінде кешелі бері осы тектес ақпарат тарады. Мұны Халықаралық вакцинология орталығының зерттеушілері анықтапты. Бірақ Жандарбек Бекшин бұл туралы білмейтін болып шықты.
Жандарбек БЕКШИН, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:
Білмеймін. Бізді ондай ресми ақпарат жоқ. Тек "британдық" және "оңтүстікафрикалық" штамға қатысты зертханалардан ресми жауап алдық. Ал "алматылық штамға" қатысты ештеңе айта алмаймын. Әрине, БАҚ-та әртүрлі нәрсе жазылады. Оны тексеріп алу маңызды.
Өзекті мәселеге айналған індеттің жаңа формасын анықтаудың өзі мұң сияқты. Қаланың бас санитар дәрігерінің айтуынша, зерттеу жұмыстарына милииондап қаржы жұмсалады. Ал, вирустық нақты штамын ерте әлі арзан бағада білу үшін біраз уақытты жұмсауға тура келеді, деді. Оған дейін өте жұқпалы дертті біраз адам жұқтыру ғажап емес.
Жандарбек БЕКШИН, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:
Әрбір науқасты біз сиквенерлеуден өткізе алмаймыз. Бұл өте қымбат әдіс. Тек қана осы әдістің 1 күндік жұмысы 96 сынамаға арналған 8 миллион теңге.
Сонда бір ғана сынаманы тексеру үшін күніне 83 мың теңгеден астам ақша жұмсалады. Енді кеселдің анықталған штаммдарының белгілеріне тоқталсақ. Ол осыған дейінгі симптомдарға ие. Қызудың жоғары болуы, жөтел және иіс пен дәм сезудің бұзылуы.
Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:
Елде эпид ахуал шиеленісі түсті. Қазақстан әлемдік бағалау матрицасының "қызыл" аймағына кірді. Ал, Алматыда індет жұқтырғандар бәсеңдер емес. Қаланың бас санитарлық дәрігері ауруханаға бір күнде 500 адам жатқызылса қаланы жабуға сақадай сай отыр.
А. Данияр