Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Латын әліпбиі түркі әлемінің ортақ жүйесін қалыптастырады, - Н.Назарбаев

AstanaTV
31.03.2021ж. 20:00
2412
Латын әліпбиі түркі әлемінің ортақ жүйесін қалыптастырады, - Н.Назарбаев

Латын әліпбиі түркі әлемінің ортақ жүйесін қалыптастырады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бейресми саммитінде айтты. Сондай-ақ, өзара сауданы дамытып, инвестиция тарту үшін жұмыс істеу қажеттігіне тоқталды. Айта кетейік, кеңес Түркістан қаласында өтуі тиіс еді, бірақ пандемияға байланысты онлайн формат ұйымдастырылды. Саммитке Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Түркіменстан президенттері және Венгрия премьер-министрі де қатысты.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Гуманитарлық және мәдени дамумен қатар біз бір-бірімізден көп нәрсе үйренеміз. Латын әліпбиін қолдану ортақ жүйе береді, соның арқасында біз жастарымыздың жаһандық деңгейде дамуына ықпал етуге мүмкіндік аламыз. Бізге бірге даму маңызды.

Ал Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі өркениетін жаңғыртуды Түркістанды әлемге танытудан бастауға шақырды. Түркістан - бүкіл түркі халқы үшін қасиетті орын, құтты шаңырақ, деді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біздің мақсатымыз - түркі әлемін 21 ғасырда маңызды экономикалық және мәдени-гуманитарлық кеңістіктің біріне айналдыру. Түркі өркениетін жаңғыртуды ең алдымен Яссауи мұрасы мен қасиетті Түркістанды әлемге танытудан бастауға шақырамын. Сол себепті бүгінгі саммит «Түркістан түркі әлемнің рухани астанасы» деп аталып отыр.

Ә. Өмірзақ