Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елорда да аурухана ауласын су басқан

AstanaTV
05.04.2021ж. 20:00
1841
Елорда да аурухана ауласын су басқан

Ел астанасында еріген қар суы қозғалысқа қиындық тудырып жатыр. Әсіресе суға толған аурухана ауласы, емделуге келгендерге кедергі келтірді. Көпбейінді №1 қалалық ауруханадағы жағдайды, қала тұрғыны әлуметтік желіде жариялады. Шалшық суды жалдап жүруден басқа амал қалмаған.

Мына кадрларды қала т ұрғыны Ольга Бударина түсірген. Ол қарт анасын ауруханаға әрең кіргізген. Ол мұндай жағдай бірінші рет кездеспегенін айтты.

Ольга БУДАРИНА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Анам дәрігерлерге қаралуды бүгінге жоспарлаған еді. Алайда аурухана алдындағы суды көріп шошыдым. Анам бұл ауруханаға 7-8 жылдан бері қаралып келеді. Бірақ осындай жағдайды жыл сайын көреміз. Тіпті алдында терезеден көрдік, жүкті әйел құлап қалды. Бұл не деген сұмдық.

Аурухана алдына бардық. Аулада аяқ басып жүретін жер жоқ. Кілкіген су. Емделушілерге келіп жатқандар да, базыналарын жеткізді.  

БЛИЦ:


- Халық мысалға ауруға келіп жатырмыз. Әкем жатыр осы жерде.Келеміз аяғымыз су-су міне, кеше вобще түсіп кеткенбіз суға.

- Вообще қарамайды ешкім мынаған. Қайық қою керек мына жерге.

- Мен после операции, екі жарым ай болницадан шығып міне, әзер өтіп келе жатырмын.

- Мына жерден балам болмаса, өтетін түрім жоқ екен. Әрең дегенде өтіп, көрініп келе жатырмын ғой.


Аурухана басшылығы, судан құрғата алмағаны ма? Осы сауалды №1 қалалық аурухана әкімшілігіне жолдаған ек. Алайда бізге қалалық денсаулық сақтау басқармасы, жауап қатты.

Әйгерім АРДАҚҚЫЗЫ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


№1 көпбейінді қалалық аурухананың аумағы Алматы ауданы әкімдігіне қарайды. Сол себепті су жиналған жерлерді, қар жинау басқада сұрақтар болса, барлық сұрақтар әкімдікке тиісті. Аурухана өздігінен жол бөлігінен төмен орналасқан, сол себепті ауа-райы салдарынан, осындай су осы аурухана аймағында жиналады.

Алматы ауданы әкімдігі, іле-шала аурухана аумағы судан тазартыпты. Шенеуніктер мәселенің жылда қайталанатынын, суағарлардың болмауымен түсіндірді.

Б. Сатуов