Алматыдағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінен шу шықты. Онда мекеменің күзетшілері мен орталық ішінде жұмысын ұсынған сақтандыру қызметкерлері арасында жанжал туған. Мекеме басшылары келеңсіздікті растады. Олар заңсыз жүргендерді, ғимараттарынан қуып шыққандарын айтты. Әріптесім Әсем Лесбек мән-жәйді анықтап көрді.
Мына кадрлер қаладағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде түсірілген. Бейнежазбада нысанның күзетшілері, әйелдерді сыртқа шығара алмай жатыр. Жанжалдасып, бірін -бірі жұлып әлек.
Мекеме басшысының айтуынша, бұл келіншектер осы орталықта заңсыз жұмыс жасайды. «Сақтандыру мекемесіненбіз»-деп, сырттан кіретін тұрғындардың тірлігін бітіріп береді екен.
Едіге САТЫБАЕВ, АЛМАТЫ қ. МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Ол кісілер бізде заңсыз түрде жұмыс істейді. Осында жүреді. Келген кісілерге өздерінің қызметін ұсынады. Бізге кедергі келтіреді жұмысымызға. Қызмет алушылар ретінде кіреді. Адам саны көп болғаннан кейін ол кісілер қызметін осы жерде жүргізуге тырысады.
Сондықтан орталық басшылары заңсыз жүргендерді қуып шықтық дейді. Ал сақтандыру мамандары болса заңсыз жүрмегендерін айтты.
Гүлім ӘБДІХАЛЫҚОВА, САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Заңсыз, бұлар алайықтар дейді. Ондай емес. Ешқандай заңсыз әрекет жоқ. Біз суб.агентпіз. Қазір кез-келген қызмет алушы өзі қалаған жерінде қалаған адамына страховка жасата алады. Неге бізге өзіміздің жұмысымызды халыққа көрсете алмаймыз, не себептен?
Көлікті сақтандыру компания өкіәлдері, орталықтан жалға бөлме алып отырғысы бар. Бірақ оған әкімдік рұқсат етпегеніне айтты.
Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшылары да, бұл ұсынысты қолдамайды. Өйткені өздерінде көлікті сақтандаратын мамандар отыр деді.
Ә. Лесбек