Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қызылжарда бензин бағасы өскен

AstanaTV
07.04.2021ж. 20:00
1309
Қызылжарда бензин бағасы өскен

Қызылжарда бензин күрт қымбаттады. Сұранысы жоғары АИ 92 маркалы бензиннің құны, бірден 10 теңгеге өскен. Ал АИ 98 маркалы жанармай екі жүз теңгеден асып жығылған. Аймақтағы төрт ірі жағармай құю станциялары бағаны бір уақытта көтерген. Жергілікті билік өкілдері бұл жанармай компанияларының сөз байласуы емес деп сендіреді. Айтуынша, қымбатшылыққа жергілікті операторлар емес, зауыт кінәлі. Айта кету керек, табиғи монополияны реттеу агенттігі сараптама жұмысын қолға алған. Олар жанармай  құю станцияларының қызметін тексермек.

Ляззат ГАЛЕЕВА, СҚО КӘСІПКЕРЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
 
Қазір аймақ бойынша АИ 92 маркалы бензиннің орташа бағасы 174 теңге. Жанармай өндіру зауыттары өнім құнын жаппай көтеріп жіберді. Сондықтан біздің станциялар да бағаны өсіруге мәжбүр болды. Қазір Атырау мұнай өңдеу зауыты жоспарлы жөндеу жұмыстарына жабылды. Сондықтан біз энергетика министрлігіне біздің аймаққа қосымша бензин бөлу жөнінде өтініш жібердік. Әзірге станцияларда жағармай дефициті байқалып отырған жоқ.

А. Құрманкин