$455 €492.13 ₽5.94
×

Төтенше жағдай қызметі күн суытқандықтан өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті

AstanaTV
07.09.2017ж. 20:00
2599
Төтенше жағдай қызметі күн суытқандықтан өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті

Астананың Сарыарқа аудананың өзінде биыл 86 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл былтырғыдан 10 пайызға аз. Дегенмен, жылыту маусымы кезінде қауіпсіздік ережелерін естен шығаратындар бар. Сондықтан Елорданың төтенше жағдай қызметкерлері ескерту жұмыстарын бастады. Сарыарқа аудандағы 22 мыңнан астам үйдің өрт қауіпсіздігі тексерілді. Ережелерді елемегендерге ескерту жасалды. Өрттің алдын алу нұсқаулығы тартылып жатыр. Өйткені жеке тұрғын үй секторында тұратындар от жағу ережелерін сақтай бермейді, - дейді мамандар. Ал Астанада күн суытқандықтан, пеш жағу маусымы ерте басталуы мүмкін.

Қуаныш Тоқсарин, Астана қалалық Сарыарқа ауданы төтенше жағдай басқармасының басшысы:

Қыркүйек айында өрт қауіпсіздігі айлығы өтіп жатыр. Осы іс-шараларда біз жеке меншік тұрғын үйлерге өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін жеткіземіз. Пешті қалай пайдалану керек екендігін жеткіземіз.

  

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах