$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жерді шетелдіктерге беруге толықтай тыйым салынады, - Н.Нығматулин

AstanaTV
07.04.2021ж. 20:00
1582
Жерді шетелдіктерге беруге толықтай тыйым салынады, - Н.Нығматулин

Шетелдіктерге жерді сатуға және жалға беруге де толықтай тыйым салынады. Бүгін Мәжілісте тиісті заң жобасы мақұлданды. Құжатта ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге, шетелдік компанияларға және шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға да сатуға тыйым салу көзделген. Сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға да берілмейді.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Халқымыздың назарында жүрген сұрақ бойынша нақты шешім қабылданды. Енді жерімізді шетелдіктерге сатуға да, жалға беруге де толықтай тыйым салынады.

Ә. Өмірзақ