Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Тараздықтар таңғажайып көріністің куәсі болды

AstanaTV
07.04.2021ж. 20:00
2478
Тараздықтар таңғажайып көріністің куәсі болды

Кеше түннен бері мессенжерлерде, таңғажайып көріністің видеосы тарап кетті. Тараз тұрғыны, аспанда үлкен сәуле пайда болып, қайта жоғалып кеткенін айтады. Мұны Қырғызстан, Өзбекстан азаматтары да байқаған. Астрономиялық құбылыстың жарқылы небәрі бірнеше секундқа қана созылған. Ерекше құбылысты, тұрғындар телефондарына түсіріп үлгерген. Олар метеорит құлады деп топшылайды. Ал енді бірі ұшақ апаты ма деп қауіптенген.

Шерхан ДӘКЕН, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Келіншегіміз екеуміз түнде келе жатқанбыз дүкенге қарай шығып. Аспан кенеттен жарқ ете қалды. Екеуміз бір-бірімізге қараймыз қорқып кеттік. Бірінші ұшақ па деп ойладым. Жарқырап бара жатқан. Өртеніп бара жатыр ма деп. Сан түрлі ойлар келді. Арты жақсы болса екен. Мамандар анық-қанығына жетеді деген нақты ақпар шығады деген ойдамыз.

Ал ұлттық космостық зерттеу орталығының мамандары көпті даурықпауға шақырды. Ондағылар, «бұл бірнеше күн бұрын ғарышқа ұшырылған ракетаның бөліктері болуы мүмкін» деп отыр.

Б. Жұмабайұлы