Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» клиенттері «Нұрлы жер» бағдарламасы туралы кеңесті бейнебайланыс арқылы ала алады

AstanaTV
07.09.2017ж. 20:00
2853
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» клиенттері «Нұрлы жер» бағдарламасы туралы кеңесті бейнебайланыс арқылы ала алады

«Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасына қызығушылық артты. Кезекті қалыңдатпас үшін «Қазақстанның тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» клиенттеріне барынша қолайлы жағдай жасамақ. Алдағы уақытта банктегі кезек 9 минуттан аспайтын болады. Ал мемлекеттік бағдарлама жөнінде кеңесті бейнебайланыс арқылы алуға мүмкіндік тумақ.

Мемлекеттік банкте «видеобанкинг» деп аталатын жаңа қызмет іске қосылды. Ол сан сағат сабылып кезекте тұрмай, менеджермен бейнебайланыс арқылы тілдесіп, қызықтырған сауалға жауап алып, қажет десеңіз бірден жеке есепшот ашуыңызға мүмкіндік береді. Әзірге пилоттық жоба Алматы және Орал қаласы тұрғындары үшін қолжетімді. Ал келер жылы барлық аймақты қамтиды. Мұнан өзге интернет-банкинг қызметі де бар. Әлемнің кез-келген түкіпірінде банкпен байланысып, қалаған уақытытта есепшотты толтыруға болады.

Динара Сәдуақасова, шахматтан әлемнің 4 дүркін чемпионы:

Негізі мен "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" өз клиенттеріне ұсынған бағдарламаларын көптен бері байқап жүрген едім. Мен үшін өз депозитімді толықтырып, өзге де операцияларды әлемнің кез келген жерінен жүргізу тиімді. Себебі мен Қазақстанда, үйімде жүргеннен гөрі, сырт елдерде көп болып, көптеген жарыстарға қатысамын. Ал, қазір ұсынып отырған қызметтер маған кез-келген жерде банк клиенті болып қала беруге мүмкіндік береді. 

«ТҮҚЖБ-24» интернет-банкингіне бүгінде 220 мыңға жуық қазақстандық тіркелген. Олардың 70 мыңға жуығы кәдімгі ұялы телефондары арқылы кез-келген уақытта өзесептерін тексеріп, толықтырады. Осы бағдарлама арқасында 47 мың салымшы мемлекеттік бағдарламаға қашықтықтан қатыса алды. Осы жылдың мамыр айында банк QR-кодтың көмегімен жүзеге асатын жаңа төлем әдісін іске қосты.

Жанар Жұбаниязова, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымының орынбасары:

Ыңғайлы болуы үшін видеобанкинг бағдарламасын енгізіп жатырмыз. Бұл бағдарлама біздің клиенттер ұзақ күтпей, салымшыларымызға ыңғайлы болуы үшін, ұзақ күтпеуі үшін, сервисімізді арттыру үшін жасадық. Клиент келген кезде, адамдар көп болып жатса, біз ол кісіні бөлек үстел басына отырғызып, Алматы немесе басқа аудандардан қосылған кеңесші кеңес бере алады.

Қызметтен қолы босамайтындарға «планшеттік қызмет» көрсетіледі. Ол өзіңізге ыңғайлы уақытта, ыңғайлы жерге банк қызметкерін шақырту. Банк мұнымен тоқтап қалмақ емес. 26-шы қыркүйектен бастап тағы бір жаңа технологияны іске қоспақ. Ол - банк клиенттерін, құрылыс компанияларын және мемлекеттік органдарды біріктіретін жылжымайтын мүлік порталы.