Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Haval автокөлік бренді енді Қазақстанда да сатылымда

AstanaTV
12.04.2021ж. 20:00
2006
Haval автокөлік бренді енді Қазақстанда да сатылымда

Қазақстандық көлік сүйер қауым үшін енді Haval автокөлік бренді қолжетімді. Отандық нарықта «Астана Моторс» компаниясының құрамына кіретін Haval Motor Kazakhstan компаниясы ұсынады. Бірінші сатып алушы да өзін көп күттірген жоқ. Су жаңа қытайлық премиум сегменттегі F7x моделін бірінші болып елордалық тұрғын сатып алды. Нарыққа енді келген брендтің ерекшелігі неде? Сатып алушыларға қандай жеңілдіктер қарастырылғанын әріптесім Әлішер Өмірзақ айтады.

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:


Шығыс Азия және Ресей нарығында көптің сүйіспеншілігіне ие болған Haval автокөлік бренді енді Қазақстанда да сатылымда.  Жоғары сапа, иновациялық технологиялар, әдемі дизайн және преимум сегменттегі қолайлы баға. Нарыққа енді келгенімен көлік сүйер қауым тарапынан сұраныс бар. Бірінші болып сатылған, мына F7x моделі.


Нұрлан МАХМҰТОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жаңалықтардан көріп қалып, автосалонға келіп, көлікті көрдім. Машина ұнады, жұбайыма да ұнады. Сондықтан осы көлікті сатып алуға шешім қабылдадық.  

Haval F7x-тен бөлек F7 кроссовері және H9 жол талғамайтын моделі де сатылымда. Ресейдің Тула облысында құрастырылған.  Бағасы 9,5 млн теңгеден басталады. Автоорталықтарда қосалқы бөлшектері де сатылады және сервистік қызмет көрсету қарастырылған. Жаңа көлік бренді және Қазақстанға енді келіп жатқандықтан сатып алушыға 4%-ға дейін жеңілдік беріледі.

Ержан САЯБАЕВ, «SUBARU MOTOR ASTANA» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
 
Haval автокөліктерін Қазақстанның 14 қаласындағы ресми дилерімізден кредитке, Trade-In және  Leasing бағдарламалары арқылы сатып алуға болады. Көлік сүйер қауым преимум санатындағы  Haval брендінің артықшылығын жоғары бағалайды деп сенеміз.  

Haval бренді алдағы бірнеше жылда Қазақстандағы SUV сегменттегі үздік көліктер көшін бастауды көздейді. Бүгінгі күні Қытай және көрші мемлекеттерде сатылым саны бойынша алдыңғы қатарда келеді.

Ә. Өмірзақ