Қазақстанда кедейлердің саны артып жатыр. Finprom.kz аналитикалық порталының зерттеуі осыны көрсеткен. Сонымен бірге байлардың да қатары көбейген. Яғни топ-10 елдің тізіміне еніп үлгердік. Кірісі күнкөріс деңгейінен төмен адамдар 20% өсті. 2020 жылдың соңғы тоқсанында кедей отбасылардың саны 12%-ға көбейген. Ел ішінде 858 мыңнан аса адам осы тізімде тұр. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Сонымен бірге 30 мыңға жуық адамның кірісі азық-түлік себетінің құнына да жетпейді. Бұлар негізінен Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары.
А. Данияр