Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Нарықта доллар құны тағы шарықтады

AstanaTV
13.04.2021ж. 20:00
1948
Нарықта доллар құны тағы шарықтады

Нарықта доллар құны тағы шарықтады. Қазір оның бағамы 434 теңгеге жуықтаған. Теңге құнсызданып, доллардың қымбаттауына әсер еткен не? Ақша айырбастау пунктеріне барып, доллар бағасына көз жеткізген әріптесім, анықтауға тырысты.

Елорданың қай ақша айырбастайтын пунктіне барсаң да, 1 долларды айырбастау құны 434 теңгеден түспей тұр. Біз де бас қаланы кездік, көрдік. Расымен, күнде құбылатын доллар, бүгін де сол сипатта.

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Еліміздің қор нарығының бүгінгі сағат 11:00-гі соңғы доллардың орташа құны нарықта 433 теңге 54 тиын болып тұр. Доллардың мұнша шарықтап өсіп кетуіне себеп көп, дейді мамандар. Соның бірі АҚШ Президенті Джо Байденнің ел экономикасын жақсарту үшін жасаған бағдарламалары болуы мүмкін. Қазірдің өзінде көріп тұрсыздар, 1 доллардың құны 432, 434 бағаланып, сатылып және алынып жатыр.


Доллардың құбылуы үйреншікті жағдай, әрине. Алайда, бүгінгідей қысылтаяң заманда қымбаттаса бір адамның ғана емес, бүтін бір мемлекеттің жағдайын қиындатады. Мамандардың есебінше, бүгінде пандемияның кесірінен көптеген тауардың тасымалы тежеліп тұр. Экономиканы тәлтіреткен вирус, теңгені де әлсіретті, дейді экономист.

Мақсат ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ:

Европада болып жатқан, көптеген әртүрлі мемлекеттерде болып жатқан локдаундардың жағдайлары. Шектеулердің орын алып жатқаны. Онда әлем экономикасы тез қалыпқа келмейді. Демек, мұнайға да сұраныс өте жоғары болмайды деген ұйғарымға келу. Демек осы жағдайлардың бәрі теңгемізге кері ықпал етіп тұр деп айтуға негіз бар.

Мақсат Халықтың пайымынша, доллардың өсіп, теңгеміздің құнсыздануына көптеген сыртқы факторлар әсер етіп отыр. Мысалы,өзге елдердің арасындағы саяси тартыс та кесірін тигізбей қоймайды. Біздің жағдайда, бұны да атауға болады. Өйткені, қазір геосаяси мәселе шиеленіскен уақыт, әрі экономиканы бірден қалпына келтіру мүмкін емес, дейді ол.

Мақсат ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ:

Қаншалықты локдаун мен карантин режимінде көп болған мемлекеттер тез емес созылмалы түрде қалыпқа келетін болады алдағы уақытта. Оның ішінде әрине Қазақстан да бар. Өйткені, бізде тағы локдаун болып жатыр. Шектеулер әлі бизнес субьектілеріне басым. Осы жағдайлардың бәрі экономикамызға кері әсерін тигізеді.

Экономисттің пікірін танымал сарапшы Рашид Жақсылықовта құптайды. Өйткені, коронавирустың кесірінен ЖІӨ-ні 12 %-ке дейін төмендеген елдер бар. Алысқа барып не керек, өз елімізде жұмыссыз қалған миллионға жуық адамның тағдыры соған дәлел деді.

Рашид ЖАҚСЫЛЫҚОВ, САРАПШЫ:

2019 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 42 пайыз бизнес жабылып қалды. Бұл дегеніміз мемлекеттің экономикасының 42 пайызы жоққа кетті деген сөз.

Иә, мамандардың пікірі бір жерге тоғысып отыр. Өйткені, сағыздай созылған локдаунның әсері, теңгеге әсер етпей қоймас. Өйткені, сату мен сатып алу, экспортта ақсап тұр.

Л. Қуанышқызы