Павлодарда қылмыстық топ құрықталды. Олар кәсіпкерлерге салық төлеуден жалтарудың жолын үйретіп келген деген күдік бар. Топ 4 жылдан бері жалған бухалтерлік құжаттар жасаумен айналысқан. Ұйымдасқан топты Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті анықтады. Қылмыскерлер кәсіпкерлерге жалған шот-фактуралар жасап беріп, еңбегі үшін ақша алып отырған.
Мәди ОМАРБЕКОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
Мемлекетке 500 млн-нан астам теңге шығын келтірген. Сотта кінәлі екендері дәлелденіп, 4 жылға қамалды. Және қаржылық коммерциялық ұйымдарда 5 жылға дейін басшылық қызметтерге тағайындалмайды.
Ө. Қуанар