Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

АҚШ Ресейне тағы санкция салғалы жатыр

AstanaTV
15.04.2021ж. 20:00
1666
АҚШ Ресейне тағы санкция салғалы жатыр

АҚШ Ресейді санкция құрсауына алмақ. Бұл туралы "Нью-Йорк Таймс" хабарлады. Ресейлік хакерлердің, АҚШ-тың мемлекеттік секторына жасаған шабуылына, жауап ретінде Америка осындай шараға бекініп отыр. Бұл жолғы санкцияға ресейлік 12 азамат, 20 ұйым және дипломаттар ілігеді. Дегенмен Құрама Штаттар шектеу шаралары туралы ресми хабарлауы тиіс. АҚШ Президенті Джо Байден Ресейдің әрекеттері жауапсыз қалмайтынын наурыз айында мәлімдеген еді.

Джо БАЙДЕН, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

АҚШ-қа жаппай кибершабуыл жасалғаны желтоқсан айында белгілі болды. Сайлауға араласқаны үшін олар сазайын тартады. Ресей үкіметінің мемлекеттік қарызына америкалық банктердің операция жасауына тыйым салуды кеңейтетін жарлық шығарамын.

Хакерлер жасаған кибершабуыл АҚШ-тың әділет департаменті, мемлекеттік департаменті, Ұлттық қауіпсіздік агенттігі және 400-ден астам ірі фирмаларына бағытталған. АҚШ-тың барлау агенттіктері бұған Ресейдің қатысы бар деп айыптап отыр. Алайда Құрама Штаттар қаскөйлердің құпия ақпаратқа қол жеткізе алмағанын мәлімдеді. Байденнің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанның айтуынша, Ақ үй бұған жауап ретінде санкциялардан бөлек, басқа да әдістерді қолдануға дайын. Ал ресми Мәскеу бұл айыптауларды бірнеше рет жоққа шығарды. Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова да, мұны негізсіз- деді.

Е. Карин