Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Елбасы премьер-министр мен оның бірінші орынбасарын қабылдады

AstanaTV
15.04.2021ж. 20:00
1276
Елбасы премьер-министр мен оның бірінші орынбасарын қабылдады

Елбасы премьер-министр Асқар Мамин мен премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловты қабылдады.

Үкімет мүшелері 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қорытынды жасады. Премьер-министр «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалу барысын баяндады. «Елбасының» стратегиялық бастамаларын және Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған нақтыланған республикалық бюджеттің жобасы туралы хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаев елдің экономикалық көрсеткіштерін жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын тілге тиек етті. Сонымепн қатар тұрғындар арасында вакцина алудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет екенін айтты.