Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Атырау тұрғыны 1 тонна балықты үйінде не үшін сақтады?

AstanaTV
16.04.2021ж. 20:00
1705
Атырау тұрғыны 1 тонна балықты үйінде не үшін сақтады?

Атырау қаласына қарасты Жаңаталап ауылы тұрғынының үйінен 1 тонна бағалы балық тәркіленді. Полицейлер    ірі көлемдегі балықты, «Бекіре - 2021» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында анықтаған. Аталған қылмысқа күдікті ретінде 25 жастағы ауыл тұрғыны қамауға алынды. Оның 247 дана бекіре тұқымдас балықты не үшін сақтағанын, полиция анықтамақ. Айта кетейік, 1-сәуірден басталған «Бекіре» шарасы барасында бұған дейін де заңсыз ауланған 800 келі қара балық тәркіленген еді.

Нұрлыбек ҚАНАТОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ПД БАЛЫҚ ҚОРЫНА ҚОЛ СҰҒУШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Арнайы операция нәтижесінде Атырау қаласы тұрғынының үйінен 1 тоннаға жуық, 247 дана бекіре тұқымдас балығы тәркіленді. Аталған қылмысқа күдікті 1996 жылы туылға. азамат анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.  Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 339 бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.


Б. Надірқызы