Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Астаналық тұрғынға қытайлық вакцина салынған

AstanaTV
16.04.2021ж. 20:00
3412
Астаналық тұрғынға қытайлық вакцина салынған

Астаналық тұрғынға дәрігерлер қытайлық вакцина салған. Мұны тұрғын, екпе куәлігінен көріп, аң-таң болыпты. Бірақ медициналық мекеменің қызметкері, екпе саларда «Спутник-V» вакцинасын саламыз деп ауызша ескерткен. Абдырап қалған елордалықтың мәселесіне қатысты, бүгін денсаулық сақтау басқармасы жауап берді. Жауаптылар фармаколог дәрігер ақпараттық жүйеге тұрғын туралы мәліметтерді енгізгенде, препараттың атауын шатастырып алғанын айтады. Ал, бұл жүйеде бүгінде қолданыста жүрген барлық вакциналардың атауы бар, дейді.

Әйгерім АРДАҚҚЫЗЫ, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Басқарманың қоймаларында ешбір қытайлық вакциналар дозасы жоқ. Яғни, бізде тек ресейлік «Спутник-V» және де ГамКовидВак. Сол себепті, бұл тұрғыда айтатынымыз тек субьективті бір қате шықты. Ешбір қытайлық вакцина науқасқа салынған жоқ.

Ержан БАЙТАНАЕВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жаңағы 16 азаматтартың вакцинадан кейін ауырды деген мәселелері ол барлық талаптарды сақтамағандықтан, вакцинаны салдырған адамның өзі 2-ші дозадан кейін 56-60 күннен кейін ғана адамның денесінде антиденелер түзіледі. Сондықтан, вакцинаны салдырғаннан кейін барлық талаптарды сақтап, масканы тағып, ара қашықтықты сақтап, антиспетиктерді пайдалану бәрімізге міндет.


Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметіне сүйенсек, ел ішінде коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін салдырғандардың саны 576 мыңнан асқан, ал 2-і компонентін қабылдағандар 112 202-ге жетті. Оның ішінде елорда, Алматы, Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары екпе алу бойынша алда келеді. Ал, Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстарында вакциналау баяу жүріп жатыр. Қазір көпшілікті вакцина салдырғаннан кейін, кесел жұқтырған 16 адамның жәйі алаңдатып отыр. Министрлік өкілі екпе арқылы вирус жұқпайтынын айтады. Өйткені, вакцина құрамында тірі вирус жоқ, тек антиденелерді түзетін коронавирустың бір бөлігі бар деді. Оның өзі вирсуқа қарсы күресетін компонент деп отыр. Осы себепті, иммунитет қалыптасқанға дейін, екпе салдырдым деп арқаны кеңге салуға болмайтынын ескертті.

Л. Қуанышқызы