Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Nur Otan» партиясының жанынан Жас депутаттар корпусы құрылды

AstanaTV
16.04.2021ж. 20:00
3494
«Nur Otan» партиясының жанынан Жас депутаттар корпусы құрылды

«Nur Otan» партиясының жанынан Жас депутаттар корпусы құрылды. Оның жетекшісі болып Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев сайланды. Басты мақсат жастар мүддесін қорғаудың тиімді тетіктерін дамыту. Әрі өңірлердегі мәселелерді шешуге тың серпін беру. Партия хатшысы Әлібек Әлденей бұл елде бұрын соңды болмаған жоба екенін атап өтті. Ол Жас депутаттар корпусы арқылы елдегі жастарды біріктіріп, оларды толғандырған өзекті проблемаларды қарастыруға таптырмас мүмкіндік туатынына сенімді.  

Әлібек ӘЛДЕНЕЙ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Республикалық Жол картасында 46 және өңірдегі 3590 индикатордың сапалы орындалуына бақылау жасау үшін, өз араларыңызда депутаттарды бектіпі, жүйелі түрде жұмыс жасау қажет.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жас депутаттар міндетті түрде жергілікті мәслихатта қабылданып жатқан шешімдермен, жасалып жатқан бағдарлама шешімдерімен басқа өңірлермен бөлісіп отыруы керек. Позитивті шешімдер дайын болатын болса, Велосипед ойлап табудың қажеті жоқ. Бір жерде орындалған іс келесі жерде де орындалады.


Айтып өтейін, елде 600-ден астам жас депутат бар. Олардың 80 пайызына жуығы тұңғыш рет мандат иегері атанып отыр.  "Jas Otan" жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаевтың пікірінше, жаңадан құрылған корпус, жас депутаттардың жұмысын үйлестіруге, жастардың проблемаларын шешілуін қадағалауға мүмкіндік бермек. Қазіргі уақытта Жастарды қолдау бойынша 100 нақты шара жоспарланған. Олардың арасында әлеуметтік лифтілер құру және Жастар бастамаларын іске асыру, оларды жұмысқа орналастыру мәселелері де бар.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ "JAS OTAN" ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Қоғамдық институт форматында жүзеге асатын корпус болады. Әр жас азамат бұл корпусқа ұсыныстарын, жоспарларын ұсынуына мүмкіндіктері бар.


Ғ.Өтемісов