Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Таразда, "Бизнес бастауға" өтініш беріп үлгере алмағандар шу көтерді

AstanaTV
19.04.2021ж. 20:00
3391
Таразда, "Бизнес бастауға" өтініш беріп үлгере алмағандар шу көтерді

"Атамекен" кәсіпкерлік палатасы, бизнес бастағысы келетіндердің жол ашудың орнына, керісінше жолын кесіп жатыр. Таразда жаңадан кәсіп ашып, нәсібін тапқысы келген тұрғындар осылай деп шу шығарды. Олар мемлекеттен берілетін 583 мың теңге қайтарымсыз грантын алу үшін, "Атамекен" сайтына тіркеле алмай әлек. Онлайн режимде бүгін басалған тіркеу түске жетпей тоқтап қалған. Себебін білмекке өңірлік кәсіпкерлер палатасының кеңсесіне 50 ден астам адам жиналды. Сөйтсе тіркелу тоқтатылған. Адам толық екенін естіген жұрт ашуға ерік берді. Тараптыарды тындаған әріптесім тақырыпты тарқатады.

Бұл адамдар «Бизнес бастау» жобасына қатысып, жеке кәсібін ашу үшін қайтарымсыз грант алғысы келгендер. Ортақ талапқа сай, алдымен бір айлық курсқа тіркелуі тиіс. Бүгін басталған науқанға тіркеле алмай әбігерге түсіпті.  

БЛИЦ:

- Менің келіншегім компютершик содан тоғызда кірдік кіре алмай қойдық сайтқа тіркелуге. Адам толып қалды дейді. Тоғызда кірдік толып қалған. Өзі тоңызда басталса қалай толып қалады ол?

- Мен сол сайтта білесіз осы жақынға дейін тұрдым. Сіздің заявкаңыз на расмотрение дейді. Бір жыл тұрдым мен оқыған жоқпын өткен жылы. Мен 2019 қарашадан бері жүгіріп жүрмін.

- Атамекен бизнесте инстаграм желісінде ол жерде адам шектеулігі айтылмаған. Бізге дұрыс ақпарат берсе біз осы жерге дұрыс келер едік.


Ал кәсіпкерлер палатасының басшысы, мұны өтініш берушілер санының көптігімен байланыстырып отыр.  Оның үстіне оқыту курстары кезең-кезеңге бөлінген. Бір кезеңде 160 адамның білім алуына мүмкіндігі бар деді.

Самат ҚОСАЛИЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ "АТАМЕКЕН" КӘСІПКЕРЛІК ПАЛАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Тіркелу Атамекен.ко сайтында ол онлайн форматта біз бұл жерде ешқандай тіркеуге қатыспаймыз. Азаңғы тоғыз жарымда сайт ашылған болатын. Сағат 11 ден 06 кеткенде сайт жабылды. Жабылу себебі 160 адам уже тіркеліп болған соң ары қарай келесі потокқа база қабылдамайды. Бірінші патокта 160 адам қалай толады бұл шектеу біз қоймағанбыз орталықпен бекітілген.

Биылғы жылға Тараз қаласы бойынша «Бизнес-бастау» курстарынан өтуге бар болғаны 885 адамға мүмкіндік қарастырылған. Ал, облыс бойынша бұл сан 4 мың екен. Ал, қазірдің өзінде өтініш берген қала тұрғындарының саны мыңнан асқан. Енді тіркеліп үлгермеген тұрғындар оқытудың екінші кезеңін күтуден басқа амалдары жоқ. Ол мамыр айында басталады.

Б. Жұмабайұлы