Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Оралда қала әкімдігінің бұрыңғы қызметкері, ажырасқан келіншегін 18 рет пышақтап өлтірген

AstanaTV
20.04.2021ж. 20:00
2860
Оралда қала әкімдігінің бұрыңғы қызметкері, ажырасқан келіншегін 18 рет пышақтап өлтірген

Оралда қала әкімдігінің бұрыңғы қызметкері, ажырасып кеткен әйелін өлтірді деген күдікке ілікті. Қаскөй әйелін 18 рет пышақтап, тіпті тамағынан бауыздап жіберуге тырысқан. Ал марқұмның таныстары бұған күйеуінің қызғаншақтығы себеп болғанын айтады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Тілшіміз жалғастырады.  

Марқұммен бірге жұмыс істеген әріптесі қайғылы жағдайдың көз алдында болғанын айтады. Бұрыңғы күйеуі, қанға боялған келіншек жерге құлаған кезде де, пышақтауын тоқтатпай, тіпті тамағынан орып жіберген. Қаскөйдің осыған дейін де қорқытып-үркіткенін мұндағылар естіген. Кәсіпорын басшылығы күдіктінің суретін жұмыс орнына іліп, күзетшілерге ішке өткізбеуді тапсырыпты.

Әйгерім МАРҚҰМНЫҢ, ҚҰРБЫСЫ:

Постоянно угрожать етіп жүрді. Жұмысқа бір емес, бірнеше рет келіп жүрді. Айқай шығарып та жүрді. Қыста да болды осындай ситуация, машинасына отырғызып алып, қолын кескені. Айтатын еді, ұрысқан кезде бірге қалуға қорқамын. Қызуқанды, аяқ астынан не істейтінін білмейсің де. Бірақ бірін білсек, бірін айтпайды. Ең басты проблема – сол айтпағандығы.

Бүгінде күдіктінің Орал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінде жұмыс істегені белгілі болды. Бірақ қылмыс жасардан бірнеше күн бұрын ғана жұмыстан кеткен. Бірақ өз еркімен кетті ме, әлде жұмыста келеңсіздкке жол берді ма, ол жағы белгісіз. Ерлі-зайыптылар былтыр ажырасқаны мәлім болды. Марқұмның артында екі баласы қалды. Бірі 8 жаста болса, екіншісі 6-да.

Ольга МАРҚҰМНЫҢ, КӨРШІСІ:

Таныстығымыз амандық-саулықтан әріге аспасақ та, көршіміз өте сыпайы, қарапайым, ақкөңіл жан еді. Үйінде жанжал болып жатқанын еститінбіз. Бірақ өздерінің отбасылық ісі ғой деп араласуға асықпадық. Аяғы мынадай боларын кім білген?

Полиция қазір қандықол қылмыскерді ұстаған. Олардың жорамалына сүйенсек, бұл сұмдыққа қызғаныш себеп болуы мүмкін.

Мөлдір САДЫРҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

20 минуттың ішінде полиция қызметкерлері бұл күдіктіні ұстаған болатын. Өкінішке орай, азаматша ауруханада көз жұмды. Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Енді әкімдіктің бұрыңғы қызметкері, қанды қылмысы Заң тұрғысынан дәлелденсе, сегіз жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Әзірге тергеу амалдары жүріп жатыр.

Е. Карин