Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ғасырдан асқан мектеп ғимаратында оқып жатқан балалар да бар, - вице-министр

AstanaTV
21.04.2021ж. 20:00
2279
Ғасырдан асқан мектеп ғимаратында оқып жатқан балалар да бар, - вице-министр

Ғасырдан асқан мектеп ғимаратында оқып жатқан балалар да бар. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова айтты. Сондай-ақ республика бойынша үш ауысымды мектеп саны 130-дан асады, ал апаттық жағдайда 34 білім ордасы бар. Проблеманы жою үшін Президент тапсырмасымен 2025 жылға дейін 800 мектеп салынуы тиіс. Осы секілді білім саласындағы өзекті мәселелер «Nur Otan» партиясы жанындағы ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында талқыланды.  

Бибігүл АСЫЛОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Мектеп құрылысын жүзеге асырудың бірнеше механизмі бар. Біріншісі мемлекеттік бюджет есебінен. Екіншісі жекеменшік мектептер. Үшінші - мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы. Және төртіншісі - модульдік конструкциялардан мектеп салу, яғни тез тұрғызылатын ғимараттар. Осылайша алдағы 5 жылда апаттық және үш ауысымды мектеп проблемсасы шешімін табады.

Отырыс соңында кеңес төрағасы Жұлдыз Сүлейменова министрлік тарапынан ескерілуі керек бірнеше мәселені көтерді. Оның ішінде мемлекет тарапынан жұмсалатын қаражатты тиімді жұмсау, жергілікті атқарушы орган тарапынан оның жұмсалуын қадағалау тапсырылды.

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Қоғамдық кеңес ретінде құрал-жабдықтарды, сол жерде жасалатын барлық дүниені өз бақылауымызда ұстайтынымызды атап өткім келеді. Осы апта Нұр-Сұлтан қаласында салынатын мектептердің құрылыс объектісіне барып, көріп, халықты да таныстырып өткіміз келеді.


Ә. Өмірзақ