$516.93 €542.52 ₽4.98
×

Жаңғыру 3.0 шеңберінде қойылған міндеттер қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр - Іскер әйелдер қауымдастығы

AstanaTV
06.09.2017ж. 20:00
4810
Жаңғыру 3.0 шеңберінде қойылған міндеттер қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр - Іскер әйелдер қауымдастығы

Елде жаңғыртудың үшінші сатысын іске асыру тақырыбы маңғыстаулық іскер әйелдер арасындағы әңгімеге арқау болды. Кездесу «Нұр Отан» партиясының Ақтау қалалық филиалында өтті. 

Білім беру және мәдениет саласының бизнеследилері, Мемлекет басшысының жолдауын әрбір қазақстандыққа жеткізу - міндет,  деп санайды. Іскер әйелдер қауымдастығына 15 мыңнан астам адам мүше. Олардың басым бөлігі өңірде табысты жұмыс істеп келеді. Бүгінгі кездесуде Президенттің "Үшінші жаңғыру: Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі" жолдауы төңірегінде ойларын ортаға салды. Жиналғандар Президент алға қойған міндеттердің ішіндегі кәсіпорындарды дамыту, жаңа технологияларды енгізу, экспортқа өнім шығару сынды тапсырмалардың қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті.

Мая Жәудірханқызы, Іскер әйелдер қауымдастығының Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы филиалы төрайымы:

Іскер әйелдер қауымдастығында 15 секция жұмыс жасап тұр. "Қоғам және әйел", "Қоғам және бала", "Қоғам және денсаулық", "Қоғам және табиғат" барлық жеріне біз ат салысып, қызмет қылып келе жатырмыз, әкімдіктермен бірге жұмыс жасасып, бірлесіп келіп отырмыз.