$458.87 €493.84 ₽6
×

Елордада жүз отбасыға азық-түлік себеттері үлестіріледі

AstanaTV
21.04.2021ж. 20:00
1131
Елордада жүз отбасыға азық-түлік себеттері үлестіріледі

Елордада жүз отбасыға азық-түлік себеттері үлестіріледі. Қайырымдылық істі «Nur Otan» партиясы Нұр-сұлтан қалалық филиалы ұйымдастырып отыр.   Біріккен Араб Әмірліктерінің Елшілігі мен «UMMET» қоғамдық қоры қолдауымен жүзеге асатын акция қасиетті Рамазан айы мен тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған. Азық-түлік қораптары әрбір тұрғынның тұрғылықты мекен-жайы бойынша жеткізіледі.

Сақтаған СӘДУАҚАСОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Nur Otan» партиясы қалалық филиалы осы «Үммет» қоғамдық қорымен біргелесе отырып осындай қайрымдылық жобаны іске асырып жатырмыз. Осы қайырымдылық жоба аясында, жүздеген азық-түлік қораптары  мұқтаж отбасыларға жеткізілетін болады.

Қайырымдылық шараның бастауы ретінде бүгін бес отбасына азық-түлік себеті берілді. Солардың бірі- көп балалы ана Назира Омарова. Жалғыз басты ана партияның қайрымдылық шарасына дән риза.

Назира ОМАРОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Nur Otan-да постоянно осындай іс-шаралар жүргізіліп жатады. Аспандары ашық болсын әрқашан деймін. Оразалары қабыл болсын. Шексіз рахмет.

Б. Сатуов




orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах