Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстандық «QazVac» вакцинасының бірінші партиясы зауыттан жөнелтілді

AstanaTV
22.04.2021ж. 20:00
1381
Қазақстандық «QazVac» вакцинасының бірінші партиясы зауыттан жөнелтілді

Алдағы дүйсенбіден бастап, қазақстандықтарға отандық  «QazVac» вакцинасы салына бастайды. Бүгін екпенің алғашқы партиясы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларына жөнелтілді.

Өткен жылы қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық вакцина жасау туралы тапсырма берген болатын. Бүгін соның алғашқы 50 мың данасы "СК-Фармацияның" өңірлік хабтарына жеткізілді. Екінші партия  да дәл осы көлемде мамыр айында шығарылады деп жоспарланып отыр. Әрі қарай вакцина өндірісі біртіндеп  ұлғайтылады.

Мирас ДАУЛЕНОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Институт қазақстандық вакцинаны аз-аздап шығаруы мүмкін. Бүгінгі күні алғашқы вакциналар СК-Фармацияның төрт хабына жеткізілді. Енді олар 26-шы сәуір күні медициналық ұйымдарда болады.  


А. Төребекқызы