Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қазақстанға алманың 34 пайызы Польшадан әкелінеді

AstanaTV
06.09.2017ж. 20:00
2857
Қазақстанға алманың 34 пайызы Польшадан әкелінеді

Алдағы алты жылда Қазақстан мен Польша арасындағы алыс-беріс 6 миллиардқа жетіп жығылады. Анджей Дуда өзінің осындай амбицияға толы жоспарымен бөлісті. Арада дәрі-дәрмек шығаратын алып кәсіпорындар бар. Сондай ақ, Польша, халық ең көп тұтынатын жеміс - алманың басты импортері. Мөлдір Бақытқызы тарқатады.

Польша кәсіпкерлеріне Қазақстанға келіп жұмыс істеуге бар жағдай жасалған. Жыл басынан бері 20 күнге дейін визасыз жүріп тұруға жол ашылса, мамыр айында Варшава мен Астана арасында тікелей рейс ұша бастады. Нәтижесінде биыл Польшаға экспорт 80, импорт 60 пайызға артқан. Біз Польшадан ірі көлемде дәрі-дәрмек сатып аламыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Примером партнерства я бы назвал фармкомпанию "Польфарма". Казахстан почти млрд долларов импортирует лекарственные средства. И нам строительство фабрик в Казахстане очень важно.

"Польфарм"  Қазақстанда 2011 жылдан бері "Санта" тауарлық белгісімен дәрі-дәрмек шығара бастады. Осы жұмада Шымкенттегі зауыт аумағында тағы бір жаңа өндіріс желісінің тұсауы кесіледі. 135 жылдық тарихы бар компания Шымкенттегі фармзауытқа 100 млн доллар инвестиция құйған.

Ижи Урбанец, "Химфарм" АҚ бас директоры:

Мы хотим построить что-нибудь, чтобы народ Казахстана гордился. О Сано - это наше лекарство. Классно.

Айтпақшы, Қазақтанды қызыл алмамен қарық қылып отырған да поляктар. Дүкендерде самсап тұрған алманың 34 пайызы осы елден импортталады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жылына 300 мың тонна алма тұтынсақ, соның 100 мыңы - польшалық. Елде агрария, бау-бақша өсіру көш ілгері. Алқаптарды дрон мен жер серіктері арқылы қадағалайды. Инновацияға бет бұрғалы қашан. Соны бізге де үйретеміз дейді.

Рүстем Құрманов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

Қазақстанда бау-бақша өсірудің болашағы зор. Бұған оңтүстіктің табиғаты өте қолайлы.  2021 жылға дейін алма бойынша импорттық тәуелділіктен құтыламыз деп межелеп отырмыз. Қазір ірі жобалар қолға алынды. Тек оның жемісін 5-7 жылда көреміз.

2022 жылы Польшаның Лодьз қаласы "ЭКСПО" көрмесін өткізуге үмітті. Анджей Дуда Назарбаевтан тәжірибемен бөлісіп, қолдау күтетінін айтты. Және сауда айналым көлемін еселеп арттыруға ықыласты екенін білдірді.

Анджей Дуда, Польша Республикасының президенті:

У меня такое стремление. Мне бы хотелось, чтобы в ближайшие 6 лет казахстнско- польские обороты достигли уровня 6 млрд. Я очень постараюсь. А возможностей очень много.

Жалпы Қазақстан-Польша бизнес-форумы аясында құны 1 миллиард долларға жуық 15 коммерциялық құжатқа қол қойылды.