Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Ақсу қаласында былтыр ғана салынған 18 үй жарамсыз күйде

AstanaTV
22.04.2021ж. 20:00
2102
Ақсу қаласында былтыр ғана салынған 18 үй жарамсыз күйде

Павлодар облысының Ақсу қаласында былтыр ғана салынған 18 үйді әкімдік қабылдаудан бас тартып отыр. Себебі құрылыс өте сапасыз жүргізілген.  Ал онан бөлек "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша көпбалалы отбасыларына арнап салынған 30 үйдің қабырғасы қақырап тұр, төбесі мен іргетасы көгеріп жатыр.   Бірақ тұрғындар басқа барар жері болмағандықтан суық, едені сыз тартқан баспанада тұруға мәжбүр. Өңірден-Өзгеріс Қуанар.

Көп балалы ана Мейрамгүл Майдан бұл үйге былтыр ғана қоныс аударған. Ұзақ жылдар бойы пәтер жалдап келіпті. Бірақ, қуанышы ұзаққа бармады. Үйдің қабырғалары көгеріп, әр жерден сызат түсе бастаған.  

Мейрамгүл МАЙДАН, КӨП БАЛАЛЫ АНА:

Қабырғалардың бәрі ағып, сырость болып жатыр. Жақында ғана мынаны ақтаған едім. Соның өзінде мынау қарайып тұр, міне. Басқа комнаталардың бәрі осындай. Төбелелері суық, жел кіреді потолоктың шетінен.

Қыста жағдай мүлдем қиындады. Жылуы жоқ сыз тартқан үйде тұру мүмкін емес болғандықтан біраз отбасы көшіп кеткен.   Бірақ күн жылынған соң кейбіреулері амал жоқ, қайта оралып жатыр.

Динара БОЛАТХАНОВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:

Мына үйлер қалай салынғанын да, білеміз. Қандай суық болғанын да білеміз. Бірақ, бізді очередтен алып тастаймыз - деп мәжүрлеп тұрып кіргізді ғой мына үйлерге. Біз қорыққанымыздан балалармен далада қаламыз ба - деп кірдік. 60-70 мың төлейтін бізде ақша жоқ квартираға. Сондықтан біз кірдік.


Елена ОРАГОТСКАЯ, КӨП БАЛАЛЫ АНА:

Біз құрылысы толық аяқталмаған үй үшін ай сайын 15 мың төлейміз. Толық аяқталмаған үйге неге бізді көшірді. Суықтан үй деген көгеріп кетті. Ауру болатын болдық. Кәріз жүйесі ол істен шықты қыс бойы қатып қалып. Көшеде балшықтан жүре алмайсың. Көше шамдары мүлдем жоқ. Осындай жерге бізді әкеліп көшіріп тастады.


Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Ал мына жердегі 18 үй былтырдан бері қаңырап бос тұр. Себебі, қазына қаржысына салынған баспаналар өте сапасыз салынған. Соның салдарынан үй кезегінде тұрған тұрғындар қоныстана алар емес.

Шаһардың жаңа әкімі мәселеден хабардар.  "Үйлердің мұндай күйде тұрғанына    қаланың бұрынғы басшылығы кінәлі. Бюджетті игеру үшін   құрылыстың сапасына мән бермеген" - дейді.

Нұржан ӘШІМБЕТОВ, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Құрылыс бөлімі сол үйлерді сатып алған кезде қараған жоқ. Полдары су шығады. Төбеден де су ағып жатыр. Негізі құрылыс бөлімі біздің центр заняности дейміз жұмыспен қамту балансқа беру керек еді. Оны жұмыспен қамту орталығы балансқа алмаймыз - деп дұрыс шешім қабылдады. Неге десеңіз ол үйлер жарамсыз.

Мәдениет ОМАРҒАЛИЕВ, АҚСУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Екі мәрте өзім депутаттарды алып барып тексердім. Ішінде істелінбеген жұмыстардың бәрін көрсеттім мердігерлерге. Әр түрлі мердігерлер кейбіреуі жылдым арада істейміз дейді. Кейбіреуі уақыт керек дейді. Сол себептен осы жұмысты жеткізсек деп отырмыз.

Құрылысты салған мердігерлерге қатысты іс қозғалды.  Қазір тергеу-тексеру жүріп жатыр.  Ал қабырғалары опырылып, төбесі көгерген үйлерді қалпына келтіріп беруге қала әкімі уәде берді.

Ө. Қуанар