$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылжарда балықшы көлігімен бірге Есіл өзеніне батып кеткен

AstanaTV
23.04.2021ж. 20:00
1762
Қызылжарда балықшы көлігімен бірге Есіл өзеніне батып кеткен

Қызылжарда Есіл өзенінен жол талғамайтын көлік шығарылды. Оның ішінен адам денесі табылды.

Оқиға кеше кешкісін болған. Қаланың қос тұрғыны, алпыс шақырымға ұзап, өзен жағасында балық аулаған. Түңгі уақытта үйлеріне қайтпай, темір тұлпардың ішінде қонуға бекініпті. Бірақ тежегішті қоспаған көрінеді. Араға бірнеше сағат салып, дөң үстінде тұрған көлік өздігінен сайға қарай қозғалған. Бір балықшы оянып, судан шығып үлгеріпті. Ал екіншісі өкінішке қарай, көлікпен  бірге батып кеткен көрінеді. Ажалдан аман қалған тұрғын ізінше жақын маңайдағы ауылға жетіп, құтқарушыларды шақыртқан. Төтенше жағдай мамандары таңертен жол талғамайтын көлікті ауыл тракторларымен су ішінен тартып алып шықты.

Темірбек ТАУБАЕВ, СҚО ПД ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ТЕРГЕУШІСІ:
 
Қызылжар ауданы Красный Яр ауылының маңында Петропавл қаласы тұрғынының мәйітімен бірге Тойота сюрф көлігінің Есіл өзенінен алып шығу фактісі бойынша адам өлімінің санаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.


А. Құрманкин