Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Президент отандық вакцинаны дайындаған ғалымдарға алғыс айтты

AstanaTV
23.04.2021ж. 20:00
1351
Президент отандық вакцинаны дайындаған ғалымдарға алғыс айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық вакцинаны дайындаған ғалымдарға алғыс айтты. Қазақстан әлемдегі өз екпесін шығарған бірнеше елдің қатарында екенін атап өтіп, өндіріст ұлғайту маңызды екеніне тоқталды. Айта кетейік, кеше QazVac вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы, зауыттан аймақтарға жөнелтілген болатын.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастады. Барлық азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз. Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында. Екпені әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс айтамын!

Ә. Өмірзақ