Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қызылжарда 700 зауыт қызметкері екі айдан бері жалақы ала алмай жүр

AstanaTV
23.04.2021ж. 20:00
1637
Қызылжарда 700 зауыт қызметкері екі айдан бері жалақы ала алмай жүр

Петропавл ауыр машина жасау зауытының 700   қызметкері екі айдан бері жалақы алмаған. Оның үстіне "еңбекақы өте төмен" дейді олар.  Маңдай терінің ақысын талап еткен жұмысшылар біздің арнамызға хабарласып, көмек сұрады.  

Ирина АГАПОВА, ЗАУЫТ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Ақпандағы жалақының жартысын ғана берді. Содан бері толық еңбекақыны көргеніміз жоқ. Қазір жолдасым тапқан қаражатқа күн көріп отырмыз. Мен өндірісті әзірлеу инженері болып қызмет етемін. Жоғары білімім бар. Бірақ еңбекақым не бары 70 мың теңге ғана. Менің еңбегім дұрыс бағаланбайды деп есептеймін.


Кәсіпорынға екі жыл бұрын ел қазынасынан төрт жарым миллиард теңгеге жуық инвестиция құйылған болатын. Жоспарға сәйкес 2020 жылға дейін ірі жаңғырту жұмыстары жүргізілуі керек еді. Алайда, жоба ойдағыдай жүзеге аспай, Германиядан әкелінген қондырғылар әлі күнге дейін пайдаланылмай тұр. Сондай-ақ әлемді әбігерге салған пандемия кесірінен зауыт ірі тапсырыс ала алмаған.   Осы себептерге байланысты басшылық дәл қазір мәселені шешуге дәрменсіз.  

Елена СТАДНИК, ЗАУЫТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Пандемия басталғаннан бастап мұнай өндіру компаниялары өндіріс көлемін азайтты. Сәйкесінше біздің өнімге сұраныс төмендеді. Техникалық келеңсіздіктерге байланысты тендердің мерзімі бірнеше рет шегерілген болатын. Сәуірдің 14 күні тендер жүзеге асты. Енді тапсырыс берушімен келісім шарт жасасамыз. Нәтижесінде зауытқа шамамен 500 миллион теңге бөлінеді. Сәуірдің аяғына дейін жұмысшылар алдындағы барлық қарыз өтеледі.

А. Құрманкин